Ол – биология пәнінің мұғалімі, педагог-зерттеуші, магистр. 1990 жылдың 1 ақпанында Ақтөбе облысы Ойыл ауданында дүниеге келген Бакыт Тоғжанова бүгінде Ш.Бекмұхамбетова атындағы мектеп-гимназиясында жемісті еңбек етіп, жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие беріп келеді.
Ұстаз еңбегінің жемісі – шәкірттерінің жетістігі. Бакыт Бакыт Тоғжанованың жетекшілігімен оқушылары облыстық және республикалық байқауларда жоғары нәтижелер көрсетіп жүр. Атап айтқанда, «Nature and Future» облыстық STEM жобалар конкурсында Айару Үмбетова мен Айжұлдыз Әмірғалиева ІІ орынға ие болды. Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық зерттеу конкурсының облыстық кезеңінде Раушан Шаймақова ІІІ орынды иеленді. Биылғы оқу жылында «PARASAT TALENT – 2027» олимпиадасында Амина Нұболқызы мен Раяна Күншыққан І орын алды. Сонымен қатар Раяна Күншыққан «Жас ғалым» республикалық ғылыми жобалар конкурсында ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.
Ұстаз өзі де кәсіби дамуға ерекше мән беріп, педагогикалық шеберлігін үнемі шыңдап келеді. «Үздік ашық сабақ – 2025» республикалық педагогикалық байқауында І дәрежелі жеңімпаз атанды. Облыстық «Педагогикалық конкурс» байқауында ІІІ орын иеленіп, «Үздік эссе» облыстық байқауында жоғары нәтиже көрсетті. Сондай-ақ, «Үздік авторлық бағдарлама» байқауында ІІІ орынға ие болды.
Бакыт Тоғжанова пән мұғалімі ғана емес, сынып жетекшісі ретінде де абыройлы еңбек етіп келеді. Биыл оның жетекшілігіндегі сынып 11-сыныпқа аяқ басып, мектеп бітіруші түлектер қатарына қосылды. Алда шәкірттерін ұлттық бірыңғай тестілеу мен үлкен өмірге қадам басу кезеңі күтіп тұр. Бұл жауапты сәтте ұстаздың ақыл-кеңесі мен қолдауының маңызы зор.
«Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» демекші, Бакыт Тоғжанова бар білімін шәкірт бойына сіңіріп, олардың жетістігіне қуана білетін, өз мамандығын мақтаныш тұтатын ұстаз. Шәкірттерінің биік белестері мен кәсіби жетістіктері – оның тынымсыз еңбегі мен ізденісінің жемісі.

Ақтөбе облыстық кәсіподағы