Индира Жауғаштина 1987 жылы 3 желтоқсанда Ақтөбе облысы Байғанин ауданының Алтай батыр ауылында дүниеге келген. 2005–2009 жылдары Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе университетінде білім алып, «Тарих» мамандығын тәмамдаған. Еңбек жолын 2009 жылы Кеңқияқ орта мектебінде бастаған. 2014 жылдың қаңтар айынан бері Темір ауданы, Шұбарқұдық кентіндегі №3 Шұбарқұдық жалпы орта білім беретін мектебінде тарих пәнінің мұғалімі болып қызмет атқарып келеді.
Кәсіби біліктілігі мен педагогикалық тәжірибесін ұдайы жетілдіріп жүрген ұстаз 2024 жылы «Педагог-зерттеуші» біліктілік санатына ие болды. 2020 жылы тарих пәні мұғалімдері арасындағы республикалық олимпиадада І дәрежелі дипломмен, облыстық педагогикалық олимпиадада ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. 2021 жылы «Шығармашыл педагог» республикалық олимпиадасында І дәрежелі диплом иеленді. 2022 жылы аудандық семинар-практикумда «Көшбасшы жас маман» номинациясымен марапатталып, кәсіподақтың Құрмет грамотасына және «Өрлеу» ұлттық орталығының Алғыс хатына ие болды. 2023 жылы облыстық педагогикалық олимпиадада ІІІ дәрежелі, цифрлық сабақ әдістемесі бойынша облыстық олимпиадада ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.
Сабақ барысында Индира Жауғаштина тарихи мәліметтерді талдау, салыстыру және зерттеу жұмыстарына ерекше мән береді. «Ұлы дала рәміздерінің тарихына шолу» атты әдістемелік құрал әзірлеп, педагогикалық тәжірибесін әріптестерімен бөлісіп келеді. Ғылыми-әдістемелік мақалалары республикалық басылымдарда жарияланып, ғылыми-тәжірибелік конференция материалдарына енген.
Оның жетекшілігімен білім алушылар республикалық «Тарих ата» қашықтық олимпиадасында, «Зерде» шығармашылық жобалар байқауында, «Достық» және «Кең дала» олимпиадаларында жүлделі орындарға қол жеткізді. Қазақстан тарихы пәнінен аудандық және облыстық кезеңдерде жоғары нәтиже көрсеткен шәкірттері де бар. Бұл жетістіктер оқушылардың білімге деген ынтасын арттырудағы ұстаз еңбегінің нәтижесін көрсетеді.
Жауғаштина Индира Сансызбайқызының педагогикалық жолы кәсіби ізденіс пен нақты нәтижеге негізделген еңбек жолы. Ол тарих пәнін оқыту арқылы оқушылардың өткенге құрметпен қарап, тарихи оқиғаларды саралай білетін, өзіндік пікірі қалыптасқан тұлға болып өсуіне үлес қосып келеді.

Ақтөбе облыстық кәсіподағы