Еңбек жолын 2012 жылы «Ертөстік» бөбекжай-бақшасында бастап, қазіргі таңда дене шынықтыру нұсқаушысы қызметін атқарып келеді.

Дилара Аманқосованың басты мақсаты – балалардың денсаулығын нығайту, қимыл-қозғалыс дағдыларын дамыту, салауатты өмір салтына баулу. Ол әр баланың қабілеті мен ерекшелігін ескере отырып, жаңашыл әдіс-тәсілдерді тәжірибесіне енгізіп, кәсіби шеберлігін үнемі жетілдіріп келеді.

Еңбегі еленіп, 2023–2026 жылдар аралығында аудандық, республикалық деңгейдегі Алғыс хаттармен, Мадақтамалармен және Құрмет грамоталарымен марапатталды. 2024 жылы Фариза Оңғарсынованың 85 жылдығына арналған мәнерлеп оқу сайысында ІІ орын иеленді.

Педагог үшін ең үлкен жетістік – тәрбиеленушілерінің қуанышы, денсаулығы мен әрбір кішкентай жеңісі. Балаларға деген сүйіспеншілігі мен мамандығына деген адалдығы – оның басты кәсіби ұстанымы.

Дилара Аманқосова үшін ең басты марапат – балалардың спортқа қызығып, әр жаттығуға қуана қатысып, кішкентай жетістіктерге жетуі. Ол әр күнін балалардың шат күлкісі мен жаңа белестеріне арнап, сүйікті ісін шын ықыласпен атқарып келеді.


Ақтөбе облыстық кәсіподағы