Александр Маруаұлы 2004 жылы 23 тамызда Ақтөбе облысы Мәртөк ауданы Мәртөк ауылында дүниеге келген. 2022–2026 жылдары Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінде «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығын тәмамдаған.

Еңбек жолын №4 Мәртөк жалпы орта білім беретін мектебінде аға тәлімгер қызметінен бастады. Мектептің қоғамдық-мәдени өміріне белсене араласып, оқушылардың жан-жақты дамуына, шығармашылық қабілеттері мен азаматтық ұстанымдарының қалыптасуына өз үлесін қосып келеді. Күнделікті еңбек жолында ізденіс пен жаңашылдықты басты бағдар етіп, кәсіби біліктілігін арттыруға, шығармашылық қабілетін шыңдауға және тәжірибесін жетілдіруге ерекше мән береді.

Білім мен шығармашылықты қатар ұштастырған Александр Маруаұлы республикалық «Абай оқулары», «Мұқағали оқулары» және «Ақберен» байқауларының жеңімпазы атанып, өз дарыны мен білімін бірнеше мәрте дәлелдеген. Сонымен қатар, 2023 жылы «Әдебиет. Рух. Қоғам» байқауында «Поэзия» номинациясы бойынша Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың иегері атанып, әдеби шығармашылықтағы қарым-қабілетін танытқан.

Александр үшін білім мен шығармашылық – бір-бірінен ажырамас ұғым. Әдебиетке деген қызығушылығы мен қоғамдық жұмыстарға белсенді араласуы оның еңбек жолынан да көрініс табады. Жас маманның ізденісі мен жетістіктері осы уақытқа дейінгі еңбегінің нәтижесі.


Ақтөбе облыстық кәсіподағы