+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz
Логотип
Казахстанский отраслевой профессиональный союз
работников просвещения, науки и высшего образования
О нас
История профсоюза
Руководящие органы
Центральный комитет Исполнительный комитет Контрольно-ревизионная комиссия Руководство Аппарат ЦК
Регионы
Документы
Уставные документы
Решения и постановления
Съезд Центральный комитет Исполнительный комитет
Деятельность
Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Профсоюзное обучение Международное сотрудничество Молодёжная и гендерная политика
Медиа
Новости Календарь событий
Вопрос–ответ Конкурсы
О нас Центральный комитет Исполнительный комитет КРК Руководство Аппарат ЦК Регионы Уставные документы Решения и постановления Деятельность Соц. партнёрство Правовая защита Охрана труда Проф. обучение Международное Молодёжная политика Медиа Новости Календарь событий Вопрос–ответ Конкурсы
Главная › Новости › ЖАУАПКЕРШІЛІГІ ЖОҒАРЫ ПЕДАГОГ
Новости территориальных организаций 15 октября 2026

ЖАУАПКЕРШІЛІГІ ЖОҒАРЫ ПЕДАГОГ

ЖАУАПКЕРШІЛІГІ ЖОҒАРЫ ПЕДАГОГ

ЖАУАПКЕРШІЛІГІ ЖОҒАРЫ ПЕДАГОГ «Қуатты кәсіподақтар – еңбек адамының қуатты үні» бірыңғай кәсіподақтық науқаны аясында еліміздің дамуына адал еңбегімен үлес қосып жүрген жас мамандарды көпшілікке танытуға, олардың кәсіби жетістіктерін дәріптеуге және қоғамдағы мәртебесін…

ЖАУАПКЕРШІЛІГІ ЖОҒАРЫ ПЕДАГОГ

«Қуатты кәсіподақтар – еңбек адамының қуатты үні» бірыңғай кәсіподақтық науқаны аясында еліміздің дамуына адал еңбегімен үлес қосып жүрген жас мамандарды көпшілікке танытуға, олардың кәсіби жетістіктерін дәріптеуге және қоғамдағы мәртебесін арттыруға ерекше мән беріледі.

Бүгінгі «Еңбек адамы» жобасының кейіпкері – Жамбыл облысы, Тұрар Рысқұлов ауданы, Болтай батыр атындағы шағын орталықты орта мектебінің тарих пәні мұғалімі, мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, кәсіподақ мүшесі Аружан Бақтыбайқызы.

2021 жылдан бері білім саласында еңбек етіп келе жатқан жас педагог білім мен тәрбиені қатар ұштастырып, оқушылардың бойына ұлттық құндылықтарды, отансүйгіштік қасиеттерді және адамгершілік ұстанымдарды сіңіруге күш салып жүрген ізденімпаз маман. Тарих пәнін оқыту арқылы жас ұрпақтың туған елінің өткені мен бүгінін танып, тарихи санасы қалыптасуына үлес қосса, тәрбие жұмысы арқылы олардың жауапкершілігі мен азаматтық көзқарасын дамытуға атсалысады.

Аружан Бақтыбайқызының ұйымдастырушылық қабілеті, кәсіби ізденісі мен өз ісіне деген жауапкершілігі әріптестері арасында сый-құрметке бөледі. Ол үшін педагог болу тек білім беру ғана емес, әр оқушының қабілетін танып, тұлға болып қалыптасуына бағыт-бағдар көрсету.

Жас маманның кәсіби ізденісі байқаулардағы нәтижелерінен де көрінеді. Атап айтқанда, ол:

🏆 облыстық «Үздік тәлімгер – 2025» байқауында II орын;

🏆 облыстық «Үздік тәлімгер – 2026» байқауында I орын;

🏆 аудандық «Дарынды балаға – талантты ұстаз – 2026» байқауында II орын иеленді.

Бұл жетістіктер үздіксіз ізденістің, тәжірибе жинақтаудың және кәсіби дамуға деген ұмтылыстың нәтижесі.

 

Жамбыл облысы Т.Рысқұлов ауданы

 

#ЕңбекАдамы #ҚуаттыКәсіподақтар #КәсіподақЖаныңда #ҮздікТәлімгер #ТұрарРысқұловАуданы

Все новости

Читайте также

  • БАЙҚАУ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ
    Новости территориальных организаций

    БАЙҚАУ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

    23.10.2026
  • ПРИЗНАНИЕ ЗАСЛУГ ЛЮДЕЙ ТРУДА
    Новости территориальных организаций

    ПРИЗНАНИЕ ЗАСЛУГ ЛЮДЕЙ ТРУДА

    23.10.2026
  • ҰСТАЗДЫҚ ЖОЛЫ – ҰЛАҒАТТЫ ЕҢБЕК
    Новости территориальных организаций

    ҰСТАЗДЫҚ ЖОЛЫ – ҰЛАҒАТТЫ ЕҢБЕК

    23.10.2026
Профсоюз работников образования

Казахстанский отраслевой профессиональный союз работников просвещения, науки и высшего образования

О нас

История Руководство Руководящие органы Аппарат ЦК

Деятельность

Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Обучение Молодежная и гендерная политика

Контакты

г. Астана, пр. Абая, 38

+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz proin.kz@mail.ru
© 2026 Профсоюз работников просвещения. Все права защищены. Политика конфиденциальности