Ақтөбе облысы Ырғыз аудандық білім қызметкерлері кәсіподағы ұйымының төрағасы Қасымхан Әбенов ауданға қарасты Құмтоғай, Б.Алманов атындағы орта мектеп, Қарақұдық, Қалыбай негізгі мектептері мен «Балдәурен» бөбекжай-бақшасына барып, еңбек ұжымдарымен кездесті.
Кездесу барысында кәсіподақ төрағасы ұжым мүшелерінің ұсыныс-пікірлері мен көкейде жүрген сауалдарын тыңдады. Қойылған сұрақтарға жауап беріп, ұжым мүшелерімен еңбек қатынастарына, әлеуметтік қолдау шараларына және кәсіподақ жұмысына қатысты өзекті мәселелерді талқылады.
Сонымен қатар аталған білім беру ұйымдарында қоғамдық бақылау жұмыстарын жүзеге асырды. Бақылау барысында еңбек заңнамасының сақталуы, қызметкерлерге жасалған еңбек жағдайлары мен ұжымдық келісімшарт талаптарының орындалуына назар аударылды.
Кәсіподақ жұмысының нәтижелі болуы – ұжыммен тығыз байланыс орнатып, әрбір мүшенің мұң-мұқтажы мен ұсынысына бейжай қарамаудан басталады. Осы бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасын табады.
Ақтөбе облыстық кәсіподағы
