+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz
Логотип
Казахстанский отраслевой профессиональный союз
работников просвещения, науки и высшего образования
О нас
История профсоюза
Руководящие органы
Центральный комитет Исполнительный комитет Контрольно-ревизионная комиссия Руководство Аппарат ЦК
Регионы
Документы
Уставные документы
Решения и постановления
Съезд Центральный комитет Исполнительный комитет
Деятельность
Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Профсоюзное обучение Международное сотрудничество Молодёжная и гендерная политика
Медиа
Новости Календарь событий
Вопрос–ответ Конкурсы
О нас Центральный комитет Исполнительный комитет КРК Руководство Аппарат ЦК Регионы Уставные документы Решения и постановления Деятельность Соц. партнёрство Правовая защита Охрана труда Проф. обучение Международное Молодёжная политика Медиа Новости Календарь событий Вопрос–ответ Конкурсы
Главная › Новости › ДУШАНБЕДЕГІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КЕЗДЕСУ
Новости 15 октября 2026

ДУШАНБЕДЕГІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КЕЗДЕСУ

ДУШАНБЕДЕГІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КЕЗДЕСУ

ДУШАНБЕДЕГІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КЕЗДЕСУ 2026 жылғы 13-14 қазанда Салалық кәсіподақ төрағасы Айгүл Мұқашева бастаған қазақстандық делегация Душанбе қаласында өткен "Жасанды интеллект, цифрландыру және технологиялық инновациялардың білім беру саласындағы лайықты еңбекке ықпалы”…

ДУШАНБЕДЕГІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КЕЗДЕСУ

2026 жылғы 13-14 қазанда Салалық кәсіподақ төрағасы Айгүл Мұқашева бастаған қазақстандық делегация Душанбе қаласында өткен "Жасанды интеллект, цифрландыру және технологиялық инновациялардың білім беру саласындағы лайықты еңбекке ықпалы” тақырыбындағы халықаралық семинарға қатысты.

Халықаралық еңбек ұйымы мен Тәжікстанның білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы ұйымдастырған шарада Орта Азия, Әзірбайжан және Армения елдерінің кәсіподақ өкілдері жаңа технологиялардың педагогтардың еңбек жағдайына, кәсіби дамуына және еңбек құқықтарына ықпалын талқылады.

Семинар барысында Айгүл Мұқашева Қазақстанның білім беру саласындағы цифрландыру және жасанды интеллектіні енгізу тәжірибесімен бөлісті. Ол жаңа технологиялар педагогтердің еңбегін жеңілдетіп, кәсіби мүмкіндіктерін кеңейтуі тиіс екенін, сонымен бірге олардың еңбек құқықтары мен әлеуметтік кепілдіктерін сақтау маңызды екенін атап өтті.

Сапар аясында Тәжікстанның білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының 100 жылдық мерейтойына арналған салтанатты жиын өтті. Айгүл Мұқашева шетелдік делегациялар атынан сөз сөйлеп, тәжікстандық әріптестерін мерейтойымен, ел тәуелсіздігінің 35 жылдығымен және Кәсіподақтар күнімен құттықтады.

Халықаралық кездесудің басты түйіні - технологиялар өзгергенімен, кәсіподақтардың негізгі міндеті өзгермейді. Еңбек адамының құқығын қорғау, әлеуметтік диалогты нығайту және лайықты еңбек жағдайларын қамтамасыз ету қашанда басты назарда!

ДУШАНБЕДЕГІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КЕЗДЕСУ
ДУШАНБЕДЕГІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КЕЗДЕСУ
ДУШАНБЕДЕГІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КЕЗДЕСУ
ДУШАНБЕДЕГІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КЕЗДЕСУ
1 / 4
Все новости

Читайте также

  • ПРИЗНАНИЕ ЗАСЛУГ ЛЮДЕЙ ТРУДА
    Новости

    ПРИЗНАНИЕ ЗАСЛУГ ЛЮДЕЙ ТРУДА

    23.10.2026
  • РЕСПУБЛИКА КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА ӨҢІРЛІК УНИВЕРСИТЕТ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ
    Новости

    РЕСПУБЛИКА КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА ӨҢІРЛІК УНИВЕРСИТЕТ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

    22.10.2026
  • БАЙҒАНИНДЕ БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНДА ҚОҒАМДЫҚ БАҚЫЛАУ ЖҮРГІЗІЛДІ
    Новости

    БАЙҒАНИНДЕ БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНДА ҚОҒАМДЫҚ БАҚЫЛАУ ЖҮРГІЗІЛДІ

    21.10.2026
Профсоюз работников образования

Казахстанский отраслевой профессиональный союз работников просвещения, науки и высшего образования

О нас

История Руководство Руководящие органы Аппарат ЦК

Деятельность

Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Обучение Молодежная и гендерная политика

Контакты

г. Астана, пр. Абая, 38

+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz proin.kz@mail.ru
© 2026 Профсоюз работников просвещения. Все права защищены. Политика конфиденциальности