+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz
Логотип
Казахстанский отраслевой профессиональный союз
работников просвещения, науки и высшего образования
О нас
История профсоюза
Руководящие органы
Центральный комитет Исполнительный комитет Контрольно-ревизионная комиссия Руководство Аппарат ЦК
Регионы
Документы
Уставные документы
Решения и постановления
Съезд Центральный комитет Исполнительный комитет
Деятельность
Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Профсоюзное обучение Международное сотрудничество Молодёжная и гендерная политика
Медиа
Новости Календарь событий
Вопрос–ответ Конкурсы
О нас Центральный комитет Исполнительный комитет КРК Руководство Аппарат ЦК Регионы Уставные документы Решения и постановления Деятельность Соц. партнёрство Правовая защита Охрана труда Проф. обучение Международное Молодёжная политика Медиа Новости Календарь событий Вопрос–ответ Конкурсы
Главная › Новости › ҚАРНАҚТАҒЫ ҮЗДІК АУЫЛ МЕКТЕБІНДЕ ҰЖЫМҒА ҚҰРМЕТ КӨР…
Новости 30 сентября 2026

ҚАРНАҚТАҒЫ ҮЗДІК АУЫЛ МЕКТЕБІНДЕ ҰЖЫМҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

ҚАРНАҚТАҒЫ ҮЗДІК АУЫЛ МЕКТЕБІНДЕ ҰЖЫМҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

ҚАРНАҚТАҒЫ ҮЗДІК АУЫЛ МЕКТЕБІНДЕ ҰЖЫМҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ Түркістан облысына жұмыс сапарының екінші күнінде Салалық кәсіподақ төрайымы А.Мұқашева Кентау қаласына қарасты екі мың жылдан астам тарихы бар қасиетті Қарнақ ауылындағы Махмұд Қашғари атындағы мектеп-лицейіне арнайы…

ҚАРНАҚТАҒЫ ҮЗДІК АУЫЛ МЕКТЕБІНДЕ ҰЖЫМҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

Түркістан облысына жұмыс сапарының екінші күнінде Салалық кәсіподақ төрайымы А.Мұқашева Кентау қаласына қарасты екі мың жылдан астам тарихы бар қасиетті Қарнақ ауылындағы Махмұд Қашғари атындағы мектеп-лицейіне арнайы барды. Тарихы терең, Тайқазан құйылған киелі мекендегі жүз жылдан астам тарихы бар бұл білім ордасы бүгінде ауыл мектебінің әлеуетін республика деңгейінде дәлелдеп отырған іргелі ұжымға айналған. Мектеп ұжымы мен оқушылары Салалық кәсіподақ төрайымын ерекше жылылықпен, ақжарма ықыласпен қарсы алып, білім ордасының ғасырдан астам тарихы мен бүгінгі жетістіктерін таныстыратын мазмұнды көрме ұсынды.

📚 Бұл – тарихы терең, дәстүрі қалыптасқан, нәтижесі биік мектеп. Қарнақ ауылындағы алғашқы білім ошақтарының бірі саналатын Махмұд Қашғари атындағы мектеп-лицей бүгінде 1450-ден астам оқушыға білім мен тәрбие беріп отыр. Ғасырдан астам уақыт ішінде бұл қара шаңырақ талай дарынды шәкіртті түлетіп, елге қызмет еткен азаматтарды тәрбиелеп шығарды. 2017 жылдан бері мектепті басқарып келе жатқан директор А.Асаевтың кәсіби көшбасшылығы мен ауызбіршілігі жарасқан педагогикалық ұжымның табанды еңбегінің арқасында білім ордасы қала, облыс және республика көлеміндегі білім додаларында жоғары нәтижелер көрсетіп келеді.

🥇 2025–2026 оқу жылындағы нәтиже – осы еселі еңбектің нақты дәлелі. «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы ұйымдастырған ауыл мектептері оқушыларының республикалық олимпиадасы қорытындысының сапалық рейтингі бойынша мектеп-лицей «ЕҢ ҮЗДІК АУЫЛ МЕКТЕБІ» атанып, І орынға ие болды. Сонымен қатар жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңінде еліміздің үздік 100 олимпиадалық мектебінің қатарына енді. Оқушылардың республикалық олимпиадалардан 3 алтын және 3 күміс медаль иеленуі – ұстаздардың кәсіби шеберлігі мен жүйелі еңбегінің жарқын нәтижесі.

🤝 Кездесу барысында А.Мұқашева мектеп ұжымын жоғары жетістіктерімен арнайы құттықтап, ұстаз еңбегін қорғау, әлеуметтік қолдау және кәсіподақ мүшелеріне нақты көмек көрсету – Салалық кәсіподақ жұмысының маңызды бағыты екенін атап өтті. 250-ге жуық кәсіподақ мүшесін біріктірген ұжымға Салалық кәсіподақ тарапынан қаржылай көмек көрсетіліп, республикалық деңгейде жоғары нәтиже көрсеткен оқушыларды дайындаған педагогтарға шипажайға жолдамалар табысталды. Бұл – ұстаз еңбегін бағалаудың сөзбен емес, нақты іспен көрсетілген жарқын үлгісі.

🌟 Махмұд Қашғари атындағы мектеп-лицейдің бүгінгі жетістігі – ғасырдан астам уақыт бойы жалғасып келе жатқан ұстаздық дәстүр мен бірнеше буын педагогтың қажырлы еңбегінің жемісі. Мектеп ұжымы Салалық кәсіподақ төрайымы А.Мұқашеваға арнайы келіп, үздік ұжымның еңбегін жоғары бағалап, ұстаздарға нақты қолдау көрсеткені үшін шынайы ризашылығын білдірді. Қарнақтағы бұл кездесу – тарихи тамыры терең білім ордасының бүгінгі жеңісіне көрсетілген лайықты құрмет әрі ұстаз еңбегіне деген зор алғыстың жарқын көрінісі.

ҚАРНАҚТАҒЫ ҮЗДІК АУЫЛ МЕКТЕБІНДЕ ҰЖЫМҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ
ҚАРНАҚТАҒЫ ҮЗДІК АУЫЛ МЕКТЕБІНДЕ ҰЖЫМҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ
ҚАРНАҚТАҒЫ ҮЗДІК АУЫЛ МЕКТЕБІНДЕ ҰЖЫМҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ
ҚАРНАҚТАҒЫ ҮЗДІК АУЫЛ МЕКТЕБІНДЕ ҰЖЫМҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ
1 / 4
Все новости

Читайте также

  • ПРИЗНАНИЕ ЗАСЛУГ ЛЮДЕЙ ТРУДА
    Новости

    ПРИЗНАНИЕ ЗАСЛУГ ЛЮДЕЙ ТРУДА

    23.10.2026
  • РЕСПУБЛИКА КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА ӨҢІРЛІК УНИВЕРСИТЕТ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ
    Новости

    РЕСПУБЛИКА КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА ӨҢІРЛІК УНИВЕРСИТЕТ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

    22.10.2026
  • БАЙҒАНИНДЕ БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНДА ҚОҒАМДЫҚ БАҚЫЛАУ ЖҮРГІЗІЛДІ
    Новости

    БАЙҒАНИНДЕ БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНДА ҚОҒАМДЫҚ БАҚЫЛАУ ЖҮРГІЗІЛДІ

    21.10.2026
Профсоюз работников образования

Казахстанский отраслевой профессиональный союз работников просвещения, науки и высшего образования

О нас

История Руководство Руководящие органы Аппарат ЦК

Деятельность

Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Обучение Молодежная и гендерная политика

Контакты

г. Астана, пр. Абая, 38

+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz proin.kz@mail.ru
© 2026 Профсоюз работников просвещения. Все права защищены. Старая версия сайта Политика конфиденциальности