Байқауға еліміздің барлық облыстары мен Астана, Алматы, Шымкент қалаларынан іріктеліп шыққан 20 үздік дене шынықтыру пәнінің мұғалімі қатысты.
Байқауды ҚР Оқу-ағарту министрлігі, Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің салалық кәсіподағы мен Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы бірлесіп ұйымдастырды. Салалық кәсіподақтан ұйымдастыру бөлімінің басшысы Е. Иманбаев қатысты.
Республикалық байқау 3 кезең бойынша өтті:
І кезең – «Креативті педагог». Қатысушылар 8 минуттық регламентте өздерінің мамандыққа көзқарастарын, педагогикалық еңбек нәтижелері мен инновациялық идеяларын визит карточкасы (фото немесе бейнепрезентация) арқылы таныстырды.
ІІ кезең – «Заманауи дене шынықтыру сабағы». Педагогтер бейтаныс 5-9 сыныптарда 40 минут ішінде сабақ-жарыс немесе сабақ-саяхат түріндегі стандартты емес ашық сабақ өткізіп, өз шеберліктерін ортаға салды.
ІІІ кезең – «Үздік спорттық-бұқаралық іс-шара». Қатысушылар 10 минут ішінде спорттық іс-шараның жобасын қорғап, оның идеясы мен өзектілігін көрсетті.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер финалдық кезеңнің барлық турларында жинаған ұпайларының сомасы бойынша айқындалды. Байқаудың қорытындысы бойынша:
I орынды Давыдов Алексей Александрович (Солтүстік Қазақстан облысы)
II орынды Күләшбек Жолболды Әшенбекұлы, Бақытбергенов Дәулет Бақытбергенұлы (Алматы және Қызылорда облыстары)
III орынды Альжанов Батырлан Аманкельдыевич, Байдуллаев Майрамбек Алимович (Қостанай және Ақмола облыстары) иеленді.
Арнайы номинация иелері:
- «Креативті педагог» – Шибаев Айдын Сейткалиевич (Ақтөбе облысы);
- «Заманауи дене шынықтыру сабағы» – Кошербаева Мейрамгуль Толегеновна (Павлодар облысы);
- «Үздік спорттық-бұқаралық іс-шара» – Майтурсын Кайыргазы Сергазыулы (Алматы қ.);
- «Үздік портфолио» – Абдимуратов Бауыржан Камалдинович (Жетісу облысы);
- «Көрермендер көзайымы» – Қадирбаев Асет Октябрьұлы (Атырау облысы).
Байқаудың барлық қатысушылары дипломдармен, ал жеңімпаздары мен жүлдегерлері бағалы сыйлықтармен марапатталды. Байқау жеңімпаздары мен арнайы номинация иегерлерін марапаттау үшін Салалық кәсіподақ демеушілік жасады.
