• +7 (7172) 21 04 54
  • proin.kz@mail.ru
  • Қазақ
  • Русский
  • Мобильное приложение
КАЗАХСТАНСКИЙ ОТРАСЛЕВОЙ ПРОФЕССИОНАЛЬНЫЙ СОЮЗ РАБОТНИКОВ ПРОСВЕЩЕНИЯ, НАУКИ И ВЫСШЕГО ОБРАЗОВАНИЯ
  • О нас
    • История профсоюза
    • Учредительные документы
    • Руководство
    • Члены Центрального Комитета
    • Члены Исполкома
    • Члены Ревизионной комиссии
    • Членские организации
  • Профсоюзу - 100 лет
  • Документы
    • Постановления коллегиальных органов
    • Нормативные документы
    • Библиотека
  • Деятельность
    • Социальное партнерство
    • Правовая служба
    • Решения и постановления судов
    • Охрана труда
    • Молодежная политика
    • Профсоюзное обучение
    • Международное сотрудничество
    • Информация о деятельности Отраслевого профсоюза
    • Комиссия по делам женщин
  • Пресс-служба
    • Новости
    • Новости территориальных организаций
    • Статьи
  • Галерея
    • Фото
    • Видео
  • Вопрос-ответ
    • Аттестация
    • Оплата труда
    • Рабочее время и время отдыха
    • Трудовой договор
    • Прочее
  • Конкурсы
    • Конкурсы

Профсоюзу - 100 лет

  • Главная
  • Профсоюзу - 100 лет
  • OPEN SPACE ФОРМАТЫН…

OPEN SPACE ФОРМАТЫНДА ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ

Шығыс Қазақстан облысы оқу-ағарту, жоғары білім, ғылым және басқа да бюджеттік ұйымдар қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының ШҚО бойынша «Кәсіби даму институты» филиалының базасында Салалық кәсіподақтың 100 жылдық мерейтойы аясында «Белсенді жастар – мықты кәсіподақтың қорғаушы күші» атты Open Space форматында дөңгелек үстел өткізді.

Жастардың кәсіподақ қызметіне белсенді қатысуын арттыру, кәсіподақ ұйымдарының жұмысындағы жастардың рөлін күшейту, құқықтары мен мүдделерін қорғау мақсатында ұйымдастырылған шараға ШҚО оқу-ағарту, жоғары білім, ғылым және басқа да бюджеттік ұйымдар қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағының жастар Кеңесінің мүшелері қатысты.

Шараны ШҚО жергілікті кәсіподағының «Өрлеу» ШҚО бойынша «Кәсіби даму институты» филиалының бастауыш кәсіподақ ұйымы және облыстық жастар Кеңесінің төрағасы Нұржан Слямханов ашты.

Шара барысында онлайн қосылу арқылы Салалық кәсіподақтың жастар ісі жөніндегі Кеңесінің төрағасы Асан Бітімбай сөз сөйлеп, респубикалық деңгейде атқарылып жатқан шаралар туралы айтып кетті. ШҚО «Келешек» жастар кеңесінің төрағасы Айдос Адильбеков облыстың жастар саясаты, мемлекеттік жастар бағдарламалары туралы ақпарат беріп, жас мамандарды әр түрлі жобаларға, еріктілер қозғалысына белсенді қатысуға шақырды және кәсіподақ ұйымымен тығыз қарым-қатынаста болуға назар аударды.

Жастардың кәсіподақ ұйымдарына белсене араласуының маңыздылығы, кәсіподақтардың жастарға ұсынатын мүмкіндіктері мен қолдау шаралары туралы тренингті «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының аға оқытушысы Динара Кұсайын өткізді. Кәсіподақ жұмысында жасанды интеллектіні қолдану лайфхактарын көріп, «Atamnyn amanaty» ҚБ еріктілер қозғалысы туралы ақпарат алды.

Осы шараға дейін облыс көлемінде жастар арасында сауалнама ұйымдастырылған болатын. Аталған шарада жастардың сауалнамасын талдау – жастар Кеңесінің жұмысын жоспарлаудағы маңызды қадам болды. Сауалнама нәтижелері жастардың қажеттіліктері мен қызығушылықтарын анықтауға, олардың мәселелерін түсінуге және тиімді шешімдер ұсынуға мүмкіндік берді.

Жастар Кеңесінің жұмысын жоспарлау бойынша брейнсторм кезінде әр түрлі идеялар мен ұсыныстар қарастырылды. Бұл процесте жастардың өздерінің пікірлері ескеріліп, олардың белсенді қатысуы қамтамасыз етілді. Брейнсторм нәтижесінде нақты мақсаттар мен міндеттер, іс-шаралар жоспары және олардың жүзеге асырылу мерзімдері анықталды.

Open Space форматы қатысушыларға еркін пікір алмасуға, өз идеялары мен ұсыныстарын ортаға салуға мүмкіндік берді. Шара барысында бірнеше топтарға бөлініп, нақты мәселелер бойынша шешімдер іздестірілді. Әр топ өз жұмысының нәтижелерін таныстырып, ортақ қорытындылар шығарылды. Атап айтқанда, жастар арасында құқықтық сауаттылықты арттыру бойынша тренингтер мен семинарлар ұйымдастыру, кәсіподақтардың жұмысын жастар арасында кеңінен насихаттау, жастардың кәсіподақ ұйымдарына белсене араласуына жағдай жасау мәселелері көтерілді. Шара қатысушылары мұндай кездесулердің жастардың кәсіподақ қызметіне деген қызығушылығын және әлеуметтік белсенділігін арттыруға септігін тигізетінін атап өтті.

Шара соңында онлайн тақта арқылы кері байланыс /Фидбек өтті. Бұл әдіс қатысушылардың өз ойларын еркін және ашық білдіруіне мүмкіндік берді. Онлайн тақтаға әркім өз пікірін жазып, басқалардың жазғандарын көре алды. Бұл процесс барлық қатысушылардың үні естілуіне жағдай жасады.

#ШҚОбілімкәсіподағы

Дата публикации: 16 апреля 2025 г.
Поделиться

Категории

  • Аттестация
  • Оплата труда
  • Рабочее время и время отдыха
  • Трудовой договор
  • Прочее

КАЗАХСТАНСКИЙ ОТРАСЛЕВОЙ ПРОФЕССИОНАЛЬНЫЙ СОЮЗ РАБОТНИКОВ ПРОСВЕЩЕНИЯ, НАУКИ И ВЫСШЕГО ОБРАЗОВАНИЯ

О нас
  • История профсоюза
  • Учредительные документы
  • Руководство
  • Члены Центрального Комитета
  • Члены Исполкома
  • Члены Ревизионной комиссии
  • Членские организации
Деятельность
  • Социальное партнерство
  • Правовая служба
  • Решения и постановления судов
  • Охрана труда
  • Молодежная политика
  • Профсоюзное обучение
  • Международное сотрудничество
  • Информация о деятельности отраслевого профсоюза
Документы
  • Постановления коллегиальных органов
  • Нормативные документы
Пресс-служба
  • Новости
  • Новости территориальных организаций
  • Статьи
Контакты
  • Республика Казахстан
  • 010000, г. Астана, проспект Абая, 38, офис 315
  • Тел: +7 (7172) 210454
  • E-mail: proin.kz@mail.ru

© Все права защищены 2022

  • Условия использования
  • Политика конфиденциальности