
Поздравление Айгуль Мукашевой – председателя Казахстанского отраслевого профсоюза работников образования и науки с Днём знаний
Құрметті әріптестер! Қымбатты оқушылар, ата-аналар мен барша отандастар!
Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының атынан Сіздерді – Білім күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Білім күні адамзат атаулы үшін айтулы мереке. Өйткені әрбір азаматтың жарқын болашағы білім мен тәрбиеге тікелей байланысты. «Білім – өмір шырағы» деген ұлағатты сөздің тобықтай түйіні осыған саяды.
Өркениет көшіне ілескен егемен елімізде білім сапасына ерекше көңіл бөлу маңызды. Жаңа Қазақстанның қалыптасу тарихында бұл ауқымды сала мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың айрықша назарына ие. Президент жыл сайын ел халқына Жолдауында білім жүйесін әлемдік стандарттарға жетелейтіні маңызды тапсырмалар жүктейді. Бұл үрдіс биылғы жылы да жалғасын табатыны сөзсіз.
«Ұрпағы білімді халықтың болашағы бұлыңғыр болмайды» дегендей, ертеңгі ел тізгінін ұстайтын жастарымыз білімді де, бәсекеге қабілетті болғай.
Құрметті әріптестер! Қымбатты оқушылар мен ата-аналар!
Баршаңызды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтаймын. Білім көкжиегіндегі қадамдарыңыз қарымды, белестеріңіз биік, тағылымдарыңыз терең болсын. Жаңа оқу жылы әрқайсыңызды жарқын жетістіктерге жетелесін! Мерекелеріңізбен!