Поздравление Айгуль Мукашевой - председателя Казахстанского отраслевого профсоюза работников образования и науки с Днем единства народов Казахстана
Құрметті достар!
Баршаңызды 1 мамыр – Қазақстан халықтары бірлігі күнімен құттықтаймын.
«Береке бастауы бірлік» қағидасын ұстанатын ел үшін бұл мейрамның орны бөлек. Қилы кезеңдерде елімізден пана іздеп келген ұлт пен ұлыс өкілдерін бауырына басып, төрінен орын берген қазақ мемлекетінің өсіп-өркендеуі жылдар бойы қалыптасқан татулық пен келісімнің арқасы. Бір шаңырақ астындағы халықтар достығы мен өзара түсіністігі одан әрі өркен жайып, ынтымақ-бірлігіміз бекем болсын.
Жарқын мерекеде баршаңызға зор денсаулық, шаңырақтарыңызға шаттық, баянды бақыт тілеймін. Ел игілігі жолындағы қажырлы қызметтеріңіз табыспен, ойға алған бастамаларыңыз сәттілікпен сабақтассын. Мереке құтты болсын!
Құрметпен, Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының төрайымы Айгүл Мұқашева