ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҰЙЫМДАРМЕН ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ
Бүгін Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының төрайымы А.Мұқашева бейнебайланыс арқылы Түркия елінің Салалық білім кәсіподағы – Türk Eğitim-Sen төрағасының орынбасары Çengiz Kocakaplan мырзамен тілдесті.
Онлайн кездесу барысында қазақ – түрік елінің Білім кәсіподақтары арасындағы әріптестік байланысты одан әрі дамыту мәселелері талқыланды.
Сонымен қатар, Çengiz Kocakaplan мырза Қазақ елінің ғалымдарын Türk Eğitim - Sen мен Түркі халықтары кәсіподақтарының мүшелік ұйымдары кіретін UAESEB қауымдастығының ұйымдастыруымен 2021 ж. қазан айында онлайн форматта өткізілетін Түркі халықтарының ғылыми-техникалық бағыттағы ІІІ Конгресіне қатысуға шақырды.
Өз кезегінде А.Мұқашева әріптестерін Түркі әлемінің рухани астанасы – киелі Түркістан қаласын тамашалауға шақырды.
Сөз соңында әріптестер бір-бірін иісі мұсылманға ортақ – Ораза айт мерекесімен құттықтап, жылы лебіздерін жеткізді.