ЕЛІМІЗДІҢ ҰЛАҒАТТЫ ҰСТАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ!
Бүгін Нұр-Сұлтан қаласында республика педагогтарын "Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген ұстазы" наградасымен марапаттау рәсіміне қатыстым. Қазақстан Республикасының Президенті ҚТоқаевтың 2021 жылғы 12 ақпандағы № 513 Жарлығымен "Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген ұстазы" мәртебесіне еліміз бойынша 20 педагог лайық деп танылды. Бұл марапат егемен еліміздің тарихында тұңғыш рет тапсырылуда.
Салтанатты іс-шарада награданы педагогтарға ҚР Білім және ғылым министрі А.Аймағамбетов өз қолымен табыстады. ҚР "Педагог мәртебесі туралы" заңына сәйкес, мәртебелі марапатты иеленушілерге республикалық бюджет есебінен 2000 АЕК көлемінде сыйақы қоса берілді.
Ел болашағы – бүгінгі ұрпақты тәрбиелеу аса жауапты әрі ұлы қызмет. Бұл салада тер төгіп жүрген үздік сала қызметкерлері ең жоғары құрметке лайық.
Әріптестерді, бүгінгі жарқын жеңістерімен шын жүректен құттықтаймын. Еңбектеріңіз еленіп, жұмыста жемісті нәтижеге жете берулеріңізге тілектестігімді білдіремін.
-
Фотографии
-