МЕЖДУНАРОДНЫЙ КОНГРЕСС ПО ПРОБЛЕМАМ ОБРАЗОВАНИЯ И СОЦИАЛЬНЫХ НАУК
Түркияның Анкара қаласында ІІІ Халықаралық түркі әлемінің «Білім беру және әлеуметтік ғылымдар» Конгресі өтіп жатыр. Тікелей эфирде конгресс жұмысына 13 мемлекеттен 422 адам қатысып отыр. Халықаралық жиында Қазақстан тарапынан Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының төрағасы А.Мұқашева қатысып, сөз сөйледі.
Жиынды ашқан Түркия Республикасының Ұлттық білім вице-министрі Мұстафа Сафран Білге Тоныкөк жылы аясында ұйымдастырылып отырған халықаралық шараның маңызы мен міндетіне тоқталып, конгресс жұмысына сәттілік тіледі.
Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының төрайымы А.Мұқашева өз сөзінде түркі тілдес елдердің ғылым-білім саласындағы ынтымақтастығының маңызы жоғары деп атап өтіп, ұйымдастырушыларға алғыс білдірді.
- Дүниежүзін шарпыған пандемия кезеңінде бүкіл әлемде қоғам мен экономиканы қалыптастырудағы ғылым-білімнің рөлін белсенді қайта қарастыру жүріп жатыр. Сондықтан бүгінгі халықаралық конгресс - қатысушылармен ақпарат және тәжірибе алмасу алаңының алтын бұлағы болатынынатынына сенімдімін.
Халықаралық түркі әлемі конгресінің аясында атқарылатын игілікті шаралар, жаңашыл бағыттар, біліми-ғылыми арналар қандас бауырларымыздың арасында кең түрде, жүйелі жүргізілгенін қолдаймыз. Қазақ-түрік халықтарының байырғы дәстүрі мен берік достығы, терең тамырластығы мен дүниетаным арналары, салиқалы сабақтастығы жалғаса берсін. Білім және ғылыми байланыстар екі елдің достығы мен ынтымақтастығын арттырудың қайнар көзі, бауырлас елдердің ғылыми-зерттеу бағытын нығайтуға негіз болары сөзсіз, - деді А.Мұқашева.
Тікелей эфирде өтіп жатқан Конгресте Косово республикасы, сондай-ақ Румыния, Македония, Әзербайжан, Ирак мемлекеттерінің білім саласы өкілдері баяндама жасады.
Конгресс жұмысы 15 қарашаға дейін жалғасады.
-
Фотографии
-