ӘЛЕУМЕТТІК ӘРІПТЕСТІК – САЛА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ ЕҢБЕК ҚҰҚЫҚТАРЫН ТИІМДІ ҚОРҒАУДЫҢ КЕПІЛІ
Қашықтықтан оқыту жағдайында туындаған өзекті мәселелерді түсіндіру мақсатында, әлеуметтік әріптестік аясында Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының бастамасымен бүгін Білім және ғылым вице-министрі Б.А.Асылованың, салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының төрағасы А.Мұқашеваның,Қызылорда облыстық білім басқармасының басшысы А.Қасымованың, облыстық білім қызметкерлері кәсіподақ комитетінің төрағасы Г.Есқалиеваның сонымен қатар білім беру органдырының жетекшілері және қаржыгерлерімен, қалалық, аудандық кәсіподақ төрағаларының кездесуі ұйымдастырылды.
Шараның модераторы Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының төрайымы А.М.Мұқашева болды. Айгүл Мұқашева жиынға қатысушы кәсіподақ қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, еңбектеріне табыс тіледі. Онлайн кездесуге білім саласының қызметкерлері қатысып, білім және ғылым вице-министріне сұрақтар қойды және толық жауаптарын алды. Кездесу барысында вице-министр кәсіподақтың ҚР «Педагог мәртебесі туралы» Заңын әзірлеудегі белсенді рөлін атап өтіп, педагог мәртебесін арттыруға бағытталған заңның ағымдағы жылғы іс-әрекет нәтижелерімен таныстырды.
Сұрақтар негізінен мектептерде алғашқы әскери дайындық және технология пәнінің оқытушы-ұйымдастырушыларына өткізетін дала жиынына қатысты 30 сағаты, балабақшаларда қызметкерлердің еңбекке уақытша жарамсыздығы бойынша әлеуметтік жәрдемақының төленбеуі, мектепке дейінгі білім беру және орта білім беру ұйымдарындағы педагог қызметкерлердің қашықтықтан жұмыс істеу барысында жұмысты орындауға байланысты жеке коммуналдық шығыстарын өтеу, білім саласында қызмет жасайтын мектеп кітапханашылары мен балабақша мейірбекелерінің лауазымдарын айқындап, жалақыларын көтеру, міндетті медициналық сақтандырудан тегін өту мәселелеріне қатысты болды.
Б.Асылова 2021 жылғы қаңтардан бастап білім басқармасы органдарының (аудандық, қалалық ББ) бюджеті облыстық білім басқармасына берілетінін еске салды.
А.Мұқашева өз кезегінде әлеуметтік әріптестікті дамыту сала қызметкерлерінің еңбек құқықтарын тиімді қорғаудың кепілі екенін атап өтті. Жалпы кездесу нәтижелі өтті, қатысушылар өздерін толғандыратын сұрақтарға толық жауап алды.
-
Фотографии
-