САЛАЛЫҚ КӘСІПОДАҚ БАСШЫСЫ АҚТӨБЕЛІК ӘРІПТЕСТЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ
«Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы» ҚБ-нің төрайымы Мұқашева Айгүл Мақсатқызы Ақтөбе облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының құрамындағы аудандық, жоғарғы, кәсіптік-техникалық, орта, қосымша білім беру мекемелерінің бастауыш кәсіподақ ұйымдарының көшбасшыларымен кездесті.
Негізгі мақсат – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты ел халқына Жолдауында айтылған басым бағыттарды түсіндіру. Сондай-ақ Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы қызметінің 2020-2025 жылдарға арналған «Әділдік пен даму жолында біргеміз» стратегиясын жан-жақты талқылау және Кәсіподақтар федерациясы мен Салалық кәсіподақтың жаңа жұмыс бағдарламасымен таныстыру.
Қоғамдық бірлестік төрайымы Салалық кәсіподақтың негізгі жұмыс бағыттарымен таныстырып, орта және кәсіптік-техникалық білім беру қызметкерлерінің біліктілік тестілері туралы баяндады. Педагогика қызметкерлері мен оларға теңестірілген тұлғаларды аттестаттаудан өткізудің жаңа моделі , сонымен қатар, әлеуметтік әріптестіктің рөлі мен еңбек қатынастары жөнінде кәсіподақ төрағаларының өзекті сұрақтарына жауаптар берді. Жиналғандардың пікірін ортаға салып, талқылады.
Ақтөбе облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының төрайымы Раушан Серікова ұстаз мәртебесін биікке көтеру және беделін арттыру – қай кезде де кәсіподақ назарында екенін және пандемия кезінде облыстық кәсіподақ та өз жұмысын жаңа форматта ұйымдастырғанын атап өтті. Күрделі кезеңде сала қызметкерлерінің мүдделерін қорғауға бағытталған жұмыстарды саралап, межеленген жоспарларымен бөлісті.
-
Фотографии
-