Жетіген ауылындағы №11 орта мектепке - 50 жыл
Алматы облысы, Іле ауданы, Жетіген ауылындағы №11 орта мектепке - 50 жыл. 1969 жылы іргетасы қаланған білім ордасының мерейтойына арналған салтанатты шараға Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағынан төрайымының кеңесшісі М.Амантаева қатысты.
Мерейтойға арнайы шақырылған ардагер ұстаздар, мектептің бұрынғы түлектері білім ұясының қазіргі жетістіктеріне куә болып, қуанышқа кенелді. Мерейтой аясында Жетіген ауылында өлкетану мұражайы ашылды. Мұражайдың лентасын салтанатты түрде қию рәсімі М.Амантаеваға жүктелді.
Салтанатты жиында сөз сөйлеген М.Амантаева ұстаздар мен оқушылар қауымын мектептің 50 жылдығымен құттықтады.
Ұстаз мәртебесін биікке көтеріп, беделін арттыру – қай кезде де кәсіподақ назарында. Жуырда ғана Мәжілісте талқыланып, Сенатқа ұсынылған «Мұғалім мәртебесі туралы» заңында педагог қызметкерлердің мәртебесін нығайту бірінші кезекте тұр. Мұғалім беделі көтерілсе, ел мерейінің асқаны болып есептеледі, - деді М.Амантаева.
730 мыңнан астам мүшесі бар білдім кәсіподағының бүгінгі жетістіктері мен жаңалықтарына тоқталып, мектеп әкімшілігіне ұйым атынан жолданған бағалы сыйлықтарды табыстады.
-
Фотографии
-