Əлеуметтік əріптестік - басты назарда!
Салалық білім жəне ғылым қызметкерлері кəсіподағының төрайымы А.Мұқашева бүгін Павлодар облысына жұмыс сапары барысында С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің кəсіподақ комитеті мен университет əкімшілігі арасындағы ұжымдық келісім шартқа қол қою рəсіміне қатысты. Шара барысында университет пен Қазақстандық салалық білім жəне ғылым қызметкерлерінің кəсіподағының Павлодар облыстық ұйымы арасында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.
Ұжымдық келісім шартқа қол қойылмас бұрын университеттің кəсіподақ комитеті ауқымды жұмыстар жүргізді. Келісім шартты ашық талқылау кезінде бірнеше ұсыныстар түсіп, келісім-шартқа енгізілді. Олардың қатарында 4 жəне одан да көп баласы жəне мүгедек баласы бар əйелдерге ақысы төленетін қосымша демалыс ұсыну; демалыс жəне мереке күндері жұмыс істеген жұмыскерлерге барлық қосымша жəне үстеме ақыларды ескере отырып 1,5 есе көлемде төлем жасау; университет кəсіподағының мүшелеріне басшылықтың келісімімен кез келген уақытта жалақыларын сақтаумен аптасына үш мəрте 1 сағаттан спортпен шұғылдану құқын беру секілді басымдықтар бар. Университет пен кəсіподақ арасындағы əлеуметтік əріптестіктің арқасында көптеген мəселелер шешімін тауып, университет қызметкерлерінің əлеуметтік-экономикалық жағдайларын жақсарту бағытында жұмыстар жүргізілуде. Əріптестіктің дамуына университет ректорының м.а. М.М.Бегентаев зор үлесін қосуда. Еліміздің білім саласына, университеттің дамуына жəне қызметкерлерінің əлеуметтік-экономикалық əлеуетін көтеруге қосқан үлесі үшін Мейрам Бегентаев салалық кəсіподақтың "Білім жəне ғылым қызметкерлерінің кəсіподағына сіңірген еңбегі үшін күміс белгісімен марапатталды.
-
Фотографии
-