ИНЖЕНЕРИЯ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ САЛАСЫНДАҒЫ ТҮРКІ ТІЛДЕС ӘЛЕМНІҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНГРЕСІ
2019 жылғы 8-9 қарашада Түркия Республикасының Анталия қаласында түркі тілдес мемлекеттердің инженерия және ғылым саласындағы ІІ конгресі өтті. Конгрестің ұйымдастырушысы Türk-Eğitim-Sen кәсіподағы. Шараға Әзірбайжан, Қырғызстан, Косова, Румыния, Түркия Республикасының Солтүстік Кипрі, Ирак, Қазақстан және т.б. елдерінің кәсіподақ басшылары, жоғары оқу орындарының ғалымдары мен өкілдері қатысты. Биылғы Конгреске 650 ғалым қатысып, 450 баяндамалар оқылды.
Конгрестің ашылуында Türk-Eğitim-Sen кәсіподағының төрағасы Талип Гейлан алғысөз сөйлеп, бүгінгі таңдағы Түркия еліндегі жоғары орындарының басқарушылық-менеджмент жүйесіне және сала қызметкерлерінің еңбекақысына ерекше тоқталды.
Талип Гейланның айтуынша, университет басшылығын тағайындаудан арылып, оны сайлау жүйесіне көшу керектігін айтты. Себебі, "жоғарғының" сөзін сөйлейді дегенге сілтеме жасап, кәсіподақ мүшелерінің, яғни қарапайым ұстаздар мен профессор-оқытушылары құрамының сөзі өтпес дегенді білдірді. Демек, демократиялық ұғымнан алшақ деп, әлі де бұл жүйеге оңтайлы өзгерістер енгізу – жаңа заманның талабы екенін мегзеп өтті.
Сол сияқты аталған мекемелердің Жарғысын жасақтау барысында көптеген өзгерістердің тысқары қалып, кәсіподақ мүшесінің әлеуметтік кепілдіктерге қол жеткізе алмауы үлкен түйіткіл болып отыр. Соның бірі – сала қызметкерінің немесе оның отбасы мүшесінің жергілікті тұрғын үйін, не жұмыс орнын ауыстырғанда, отбасындағы екінші мүшеге де ауыстыру жағдайын, мүмкіндігініңжоқтығы. Осы және басқа да мәселелердің оң шешімін табу мақсатында сот орындарына жүгінгендіктері туралы ақпаратпен бөлісті.
Сол сияқты университеттердегі ваканттық лауазымдық орындарға да ректордың тағайындауынан гөрі, конкурстық жүйе арқылы ұйымдастырылғаны әлдеқайда орынды болмақ деген пікірімен бөлісті.
Әрине, бұл жүйе Қазақстанда ілгері қадам басқанын айта кеткеніміз орынды. Себебі, ректорлық тағайындаудан сайлау жүйесіне, ваканттық лауазымдық ооындарға конкурстық іріктеу ісіне көшкендігіміз оң қадам. Алайда, сапасының қаншалықты дұрыс не бұрыс екенін әлі уақыт көрсетеді
Қатысушылар Косовалық әріптестің алғысөзінен ерекше қуаныш лебізін байқаса керек. Себебі, косовалық кәсіподақтар қауымдастығынан екі түріктің Парламент қатарына мүше ретінде сайланғанын атап өтті. Бұл, сөз жоқ, үлкен жетістік.
Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағының атынан төрайым кеңесшісі Майра Амантаева сөз сөйлеп, Қазақстанның білім беру жүйесіндегі өзгерістерімен таныстырып, ұйымдастырушыларға ерекше ілтипат сезімін білдірді.
Қазақстан елінен Салалық кәсіподақтың бастамасымен ЖОО-ның ғалымы, Қазақ қыздар ұлттық педагогикалық университетінің профессоры Пернеева Гүлмира қатысты.
Конгрестің 10 секциясының бірінде қазақстандық ғалым "Қосымша білім берудегі инновациялық белсенділіктің рөлі" тақырыбында баяндама жасады.
Бұл тәрізді ғылыми конгрестер көптеген жаңалықтармен танысуға, ғалымдар арасында байланыс орнататыны игі шара деп танимыз. Халықаралық Кәсіподақтар тек әлеуметтік-экономикалық қорғау ісімен шектелмей, ғылым бағытында үлкен іздер салып, жол ашуына себепкер болып отыр.
Қазақстандық көптеген ғалымдар үшін ғылыми мақалалар жариялауда, халықаралық байланыс орнатуда бұл тәрізді шаралар зор мүмкіндіктер туғызары сөзсіз.
Конгрес соңында ғалымдар өз ой-пікірлерімен, тәжірибелерімен бөлісіп, қорытындылады. Әр қатысушыға сертификаттар табысталды.
Бұл бағыттағы жұмыс болашақта әлі де жалғастырылады.
-
Фотографии
-