АРЫСТЫҚ ҰСТАЗДАРҒА ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ КӨМЕК
2019 жылғы 24 маусымында Түркістан облысы Арыс қаласында орын алған жарылыстардың салдарынан көптеген әлеуметтік және басқа да халыққа маңызды объектілер зардап шекті. Аталған аймақта орналасқан білім беру ұйымдарының (колледж, мектептер мен балабақшалар) ошақтарына да зақым келді.
Ағымдағы жылы 26 маусымда Салалық кәсіподақ пен ұстаздардың атынан қайырымдылық көмек көрсету жөнінде, сонымен бірге арыстықтармен біргеміз деген сарында үндеу қабылданды.
Осы мақсатта 13 шілде күні Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының төрайымы Майра Амантаева арнайы Арыс қаласына келіп, Республика бойынша аймақтық білім және ғылым саласының кәсіптік одақтары аударған жалпы көлемі 13 млн. теңгені құрайтын қаражаттың жиналуына мұрындық болды. Жиналған қаражат білім беру ұйымдарына және кәсіподақ мүшелеріне көмек ретінде таратылды.
Қайырымдылық іс-шара Арыс қаласы әкімдігінің мәжіліс залында өткізілді. Жиналыс шарасына жергілікті атқару органдарының өкілдері, білім беру ошақтарының басшылары мен бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағалары, Түркістан облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағы ұйымының төрағасы Б. Еркінбек, Шымкент қаласының кәсіподақтар орталығының төрағасы Б. Бекжанов қатысты.
Кездесу барысында Салалық кәсіподақ ұйымының төрайымы М. Амантаева жарылыс салдарынан зардап шеккен бірқатар білім беру ұйымдарын барып, олардың жағдайымен танысты.
Жоғарыда аталған қаржылай көмекпен қатар, Салалық кәсіподақтың аймақтардағы мүшелік ұйымдар арыстық балаларды жазғы лагерьлерге орналастырып, киім-кешекпен қамтамасыз ету жұмыстарын жалғастырып жатыр.
Арыс, біз Сіздермен біргеміз!
-
Фотографии
-