«БҮГІНГІ КӘСІПОДАҚҚА – БЕЛСЕНДІ ЖАСТАР!» ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР ФОРУМЫ
2019 жылғы 17 мамырда Батыс Қазақстан облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының ұйымдастыруымен Жастар жылы аясында «Бүгінгі кәсіподаққа – белсенді жастар!» тақырыбында облыстық жастар форумы өз жұмысын бастады.
Шараға Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Жастар ісі бойынша Кеңестің төрайымы Әлия Әбиева және БҚО Кәсіподақтар орталығының өкілі Айгүл Есекенова қатысты.
Форумды Батыс Қазақстан облыстық ұйымының төрағасы Марат Даупаев ашты. Өз сөзінде Елдің келешегі Тәуелсіздік тұтқасын әрі қарай ұстайтын, ауқымды стратегияларды іске асыруда жастардың ықпалы зор екенін атап өтіп, ұстаздардың жас ұрпақты тәрбиелеу мен білім берудегі еңбектері жоғары бағаланып, әлі де жарқын күндер алдымыздан күтіледі деп жастарға үлкен үміт артатынына айтты.
Әлия Әбиева, салалық кәсіподақтағы еңбекші жастардың белсенділігі және олардың алға қойған мақсат-міндеттері туралы ақпаратпен бөлісті.
"Жас Отан" Жастар Қанаты БҚО филиалының төрағасы Нұрғали Жолдасқалиев облыс бойынша жастарды әлеуметтік қолдау бағдарламалары туралы өз ойын ортаға салды.
Форум барысында кәсіподақтың белсенді жастары БҚО білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының құрмет грамоталарымен марапатталып, бағалы сыйлықтар табысталды.
Бағдарламаға сәйкес, форум семинар-тренингпен жалғасады. Семинар-тренингті «Өрлеу» біліктілік арттыру Ұлттық Орталығының филиалы БҚО біліктілік арттыру институтының бас тренері Сәнім Абитова және тренер Жансая Ұзақова жүргізеді.
-
Фотографии
-