Ақтөбе қаласында жұмыс тобымен бірлескен семинар өтті
Әлеуметтік әріптестік туралы Салалық келісім аясында Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағы мен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатымен Ақтөбе қаласында осы жылдың 24-25 қаңтар күндері көшпелі жұмыс тобымен бірлескен семинар өтті.
Жұмыс тобының негізгі міндеті – «Педагог мәртебесі туралы» заң жобасын талқылау, техникалық және кәсіптік білім беру сферасындағы инновациялар туралы, педагогика қызметкерлері мен оларға теңестірілген тұлғаларды аттестаттаудан өткізудің жаңа моделі және Мемлекеттік орта білім беру ұйымдарының басшыларын конкурстық тағайындау тәртібі, сонымен қатар, әлеуметтік әріптестіктің ролі мен еңбек қатынастары жөніндегі сұрақтар бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу.
Жұмыс тобының құрамында Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағы төрайымының орынбасары Мукашева Айгуль Максатовна және құқықтық сұрақтар жөніндегі бас маманы Кидирбаева Райхан Мамашиевна, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Техникалық және кәсіптік білім департаментінің бас сарапшысы Алгазинова Каламкас Магауовна мен Мектепке дейінгі және орта білім департаментінің бас сарапшысы Дуйсенбаева Айман Тельмановна.
Түске дейін семинардың пленарлық мәжілісінде «Салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының жұмысы туралы», «Кәсіптік және техникалық білім беру жүйесін дамытудың проблемалары мен перспективалары», «Педагог мәртебесі туралы» заң жобасын талқылау сұрақтары бойынша баяндамалар тыңдалып, сұрақтарға жауаптар берілді.
Күннің екінші жартысында семинар жұмысы секцияларға бөлініп жалғасты. 1 секция «Кәсіптік және техникалық білім беру ұйымдарының қаржы-шаруашылық қызметі және еңбектік қатынастарды реттеудегі әлеуметтік серіктестіктің ролі» туралы, 2 секция «Кәсіптік және техникалық білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру» туралы, 3 секция аудандық және қалалық білім бөлімдерінің басшыларына, мектеп директорларына, мұғалімдерге, мектепке дейінгі ұйым қызметкерлеріне арналды. Семинар барысында облыстың білім саласының қызметкерлері көптеген көкейтесті сұрақтарына жауаптар алды.
Семинар жұмысына аудандық білім бөлімдерінің басшылары, мектепке дейінгі ұйым, орта, техникалық және кәсіптік білім беру мекемелернің басшылары, басшы орынбасарлары, әдіскерлері, мұғалімдері, білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының көшбасшылары, кәсіподақ белсенділері, барлығы 400-ге жуық адам қатысты.
«Қазақстандық салалық білім
және ғылым қызметкерлері кәсіптік
одағының Ақтөбе облыстық ұйымы» ҚБ
-
Фотографии
-