Шығыс-Қазақстан облысы Абай ауданы Қарауыл ауылында семинар-кеңес өтті
Шығыс-Қазақстан облысы, Абай ауданы, Қарауыл ауылында 2018 жылғы 13 қарашада еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, сондай-ақ Семей аумақтық ұйымының кәсіподақ активі үшін кәсіподақтың мүшелік ұйымдарында есеп беру-сайлау кампаниясын өткізу жөнінде семинар-кеңес өтті.
Семинар-кеңес жұмысына Салалық Кеңестің бас мамандары – Сағындықов Хамидолла және Әлиев Батыр, Семей аумақтық ұйымының төрағасы – Ибраев Сәбит, Абай аудандық ұйымының төрағасы – Жарылғапов Мақсат, Абай аудандық ұйымының бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағалары мен техникалық инспекторлары және кәсіподақ белсенділері қатысты.
Әлиев Батыр семинар-кеңеске қатысушыларды Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының техникалық инспекциясы жұмысының қорытындысы жөнінде, өндірістік кеңес құру, техникалық инспекторлар жұмысын жетілдіру және алдағы мерзімге қойылған міндеттер туралы таныстырды.
Сағындықов Хамидолла кәсіподақтағы есеп беру-сайлау кампаниясын ұйымдастыру мен өткізу жөніндегі кәсіподақ ұйымдарының міндеттері туралы ақпарат берді.
Семинар-кеңес соңында пікірталас сағаты өткізіліп, онда қатысушылар өз ойларымен және ақпараттармен алмасты, сондай-ақ қойылған сұрақтарға жауаптар алды. Жұмыстың аталған бағытында тәжірибе жинау үшін мұндай семинар-кеңес өткізудің пайдасы мол болып табылады.
-
Фотографии
-