«Кәсіподақтар және «жасыл» жұмыс орындары» Халықаралық Форумы
Белоруссия астанасы Минск қаласында 2018 жылғы 19-20 сәуірде Халықаралық еңбек ұйымының «Жасыл бастамасын», сонымен қатар 2015 жылы БҰҰ бас Ассамблеясымен 2015 жылы қабылданған 2030 жылға дейінгі мерзімде тұрақты даму саласындағы күн Тәртібін іске асыруды қолдау мақсатында, Беларусь кәсіподақтары Федерациясының қамқорлығымен «Кәсіподақтар және «жасыл» жұмыс орындары» Халықаралық Форумы өтті.
Форумда дамудың экологиялық таза тұрақты жолына ауысу кезіндегі лайықты еңбек принциптерін, экономиканың түрлі салаларында «жасыл» жұмыс орындарын құруды, еңбек саласында тұрақты даму Мақсаттарына қол жеткізуге жәрдемдесуді іске асыру мәселелері талқыланды.
Форумға Беларусь Республикасы Үкіметінің, жалға алушылар бірлестігінің, ғылыми қоғамдастық, шетел кәсіподақ орталықтарының, халықаралық кәсіподақ бірлестіктері мен халықаралық ұйымдардың өкілдері, Қазақстандық делегациядан білім және ғылым қызметкерлері, металлургтар, энергетиктер, химиктер, атом өнеркәсібі салалық кәсіподақ төрағалары қатысты.
Белоруссия кәсіподақтар Федерациясының төрағасы Михаил Орда «Кәсіподақтар және «жасыл» жұмыс орындары» Халықаралық II Форумының салтанатты ашылуы кезінде: «Барлық елдің кәсіподақтары алдындағы міндет – кадрлық үйлесімсіздікті азайтып, еңбекшілердің «жасыл» бастамалар аясында құрылған жұмыс орындарына әділ ауысуын қамтамасыз ету болып табылады», - деді.
Қазіргі таңда әлем бойынша қолданыстағы ресурстық сыйымды экономикалық модельдің әділетсіздігі салдары ретіндегі теңсіздіктің апаттық деңгейі байқалады...Таза ауа мен су, қауіпсіз тамақ адамзаттың көпшілігі үшін қол жетімсіз болып отыр. Адамдардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған «жасыл» экономиканың түйіні болатын дамудың әділ және тұрақты моделіне көшу қажеттігі жөнінде кеңінен тоқталды.
Дүние жүзі кәсіподақтары болашақ экономикасымен келетін қауіп-қатерлерді сезіне отырып, әңгіме жұмыспен қамту нарығын өзгерту туралы болып отыр. Бір жағынан, экологиялық модель түрлі салаларда қосымша миллиондаған жұмыс орындарын құрса, екінші жағынан – энергиялық сыйымды салаларда кадрлардың босатылуына әкеп соғуда. Осыған байланысты, барлық елдің кәсіподақтары алдындағы ең басты міндет - еңбекшілердің жаңа «жасыл» жұмыс орындарына әділ ауысуын қамтамасыз ету және кадрлық үйлесімсіздікті азайту болып табылады.
Форумға қатысушылар әлемдік экономиканың жаңа моделінің маңыздылығы мен жаһандық міндеттерді шешудегі кәсіподақтар рөлі туралы сөз қозғады. Белоруссиядағы БҰҰДБ өкілінің орынбасары, Францияның ауыл шаруашылығы және орман өнеркәсібі Ұлттық федерациясының бас хатшысы, Корей қаржы саласы қызметкерлері кәсіподағының саяси мәселелер жөніндегі президенті, Армения конфедерациясының төрағасы және басқа да көптеген Форум қонақтары өз пікірлерімен бөлісті. Өз кезегінде А.Д.Сахаров атындағы Халықаралық мемлекеттік экологиялық институтының экологиялық мониторинг және менеджмент кафедрасының профессоры, ЮНЕСКО кафедрасының меңгерушісі, биология ғылымдарының кандидаты, доцент Надежда Гончарова осы мәселе туралы өз ойын білдірді. Радиобиолог ғалым ретінде оны атом энергиясын пайдалану мүміндіктері қызықтыратынын, сонымен қатар, «бейбіт атомның ел экономикасында болуы қажет пе әлде жоқ па» деген мәселе бүгінгі күні болмауы тиіс. Белоруссия үшін атом энергиясы, басқа да көптеген дамыған елдер сияқты, - орасан пайда әкелетін басымды бағыт болып табылады. Әрине, қауіпсіздік мәселесіне көңіл бөлген жөн, бірақ маңызды аспектілердің бірі – түрлі салаларда бейбіт атоммен дұрыс жұмыс жасай білетін мамандар даярлау қажет екендігіне тоқталды.
Бүгінгі таңда Жасыл энергия өркениеттің іргелі қажеттілігі болып табылады. Жаңа кезеңде халықаралық қоғамдастық тек ағымдағы жағдайды жай талқылап қоймай, осы саладағы тұрақты дамуды қамтамасыз ету үшін түрлі елдер үкіметтері мен халықаралық ұйымдар бірлескен іс-әрекеттер қабылдауы қажеттігін ұғынуы тиіс.
Қазақстан «жасыл» экономикаға ауысуда кешенді тәсілді таңдаған аймақтағы ең алғашқы елдердің бірі. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың пікірі бойынша, әлемдік өркениеттің «жасыл экономикаға» ауысуы дамушы нарықтарда өсімді сақтаудың сенімді әдісі болып табылады, сондай-ақ дамыған мемлекеттер үшін экономикалық дағдарыстан шығуға мүмкіндік береді. Қазақстан 2010 жылы Астаналық «Жасыл көпір» бастамасын ұсынып, ол Астана қаласында өткен Министрлердің ЭСКАТО 6-шы Конференциясымен және 2011 жылы өткізілген «Еуропа үшін қоршаған орта» тақырыбындағы 7- Конференциясымен мақұлданды. Қазақстан өзіне ынтымақтастыққа мүдделі Еуропа, Азия және Тынық мұхиты аймағының елдерінің кездесуі үшін келіссөз алаңын ұсыну, екі аймақтың ынтымақтастық Бағдарламасын әзірлеуді техникалық қолдау, ынтымақтастық процесін ақпараттық қолдау және Жасыл экономика мен Тұрақты даму туралы білімді тарату жөнінде міндеттемелер алды. 2016 жылы Қазақстан климат бойынша Париждік келісімді бекіте отырып, жылыжай газының шығарылымын азайту туралы міндеттемелер қабылдады.
Қазақстан Республикасының бұл саладағы бастамалары барлық әлемдік қоғамдастықтарға жақын әрі түсінікті, себебі КСРО-ның бұрынғы республикалары ішінен Қазақстан ғана Семей полигоны, Арал, бірнеше технологиялық өндірістің зиянды шығарулары және т.б.сияқты кеңес дәуірінің ауыр экологиялық зардаптарына тап болды.
Бұл өзекті мәселелердің маңыздылығын жете түсіну Қазақстанның әлемді «Жасыл экономика» бүкілғаламшарлық дамыту баламасының теңдесі жоқтығына сендіруге ұмтылысындағы белсенді ұстанымын және өзі осы объективті жаһандық процестің көшбасшысы болуын айқындайды.
Еліміздің таңдалған жолды ұстануы Қазақстан Республикасының 2013 жылғы мамыр айында «жасыл экономикаға» ауысу жөнінде Тұжырымдама қабылданды. Онда еліміздің «жасыл экономикаға» ауысуы мақсатында терең жүйелі түбегейлі өзгерістердің негізі болып қабылданған тұжырымдама ЭКСПО-2017 - «Болашақ энергиясы» халықаралық көрмесінің тақырыбымен үйлесімін тапты. «Жасыл көпір 2013» конференциясы болашақ «жасыл» дамулар мен үздік тәжірибелерді алмасуға ықпал етіп, халық, кәсіпорындар, жалпы еліміз бен аймақ үшін айтарлықтай инвестициялық мүмкіндіктерді іздестіру мен проблемаларды анықтауға жәрдемдеседі. «Жасыл» экономикаға ауысу Қазақстанға 2050 жылға таман әлемнің озық дамыған 30 елдерінің қатарына қосылу жөніндегі өз мақсатына жетуге септігін тигізеді. Жетістік көбінесе еліміздің табиғи ресурстарға тәуелділігін жеңіп баламалы энергия көзін пайдалану мақсатын қойып отыр. Тұжырымдаманы тиімді іске асыру жүктемені табиғи капиталдан адами капиталға ауыстыруға мүмкіндік туғызып, ғылымды қажет ететін және экологиялық таза технологияларды дамытуға серпін береді. Бұл сонымен қатар еліміздің жетістікпен өткізілген EXPO-2017 ұмтылысымен үйлесім табуы қажет.
2014 жылғы 27 қаңтарда Астана қаласында Еуропалық Одақ, Бүкіләлемдік Банк, Еуропалық қайта құру және даму банкі, Азиялық даму банкі, техникалық даму жөніндегі Америкалық агенттік (USAID) басшылары мен өкілдерінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі өкілдерінің қатысуымен Қазақстан Республикасындағы «жасыл» реформаны техникалық қолдау жөнінде кездесу өткізілді. Қазақта «Не ексең, соны орасың» деген жақсы мақал бар.
Бізге қазіргі таңда әлемдік экономиканы дамытуға күш беріп, экономикалық даму мен ғаламшардың экожүйесін сақтау арасында теңгерім табатын жаһандық энергетикалық нарық үшін жаңа модельдер қажет.Сондықтан да бұл зор міндеттерді шешуде мықты кадр мамандар озық технологиялар мен бірге әрбір мекемелер мен кәсіпорындар осы әлемдік маңызы бар істе өз үлесін қосуы шарт.
Келешегіміз бен болашақ ұрпақ алдындағы біздің жауапкершілігіміздің де мәні осында.
Амантаева М.Т., Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының төрайымы
-
Фотографии
-