Қоғамның жылуы – шексіз мүмкіндіктерге жол ашпақ
17 – қазан күні Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің оқу-зертханалық ғимаратында Әлеуметтік және азаматтық даму жөніндегі департаменті мен Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының бірлескен «Шектеусіз мүмкіндіктер» әлеуметтік жобасы аясында университеттің белсенді (ата-ана қамқорлығынсыз қалған, мүмкіндігі шектеулі) студенттерімен кездесу өткізді.Жиынды Еуразия ұлттық университетінің әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі проректоры Д.Қамзабекұлы ашып берді.Ұлттық университетте180-ге жуық ата-ана қамқорлығынсыз қалған, мүмкіндігі шектеулі студенттер білім алады, олардың барлығы жатақханаларда тегін тұрып, ыссы тамақпен қамтамасыз етіледі. Университетте студенттерге арналған түрлі клубтар мен ұйымдар ашылған.
Сондай-ақ,кездесуге Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағы төрайымының орынбасары А. Мұқашева қатысып, салалық кәсіподақ қызметіндегі әлеуметтік әріптестік байланысының маңыздылығы, кәсіподақтың жастар саясаты мен қамқорлыққа мұқтаж студенттердің әлеуметтік жағдайларына барынша мүмкіндіктер жасауда жұмысы туралы кеңінен баяндады.
Әлеуметтік және азаматтық даму жөніндегі департамент директоры Ә.С.Мәдибеков студенттерді мазалаған сұрақтарға жауап беріп, келешекте аталған мәселелердің шешімін табуға жәрдемдесетінін айтты. Сонымен қатар, қатысушы студенттер өз өнерлерін де ортаға салды. Солардың бірі ˗ филология факультетінің 3 курс студенті Мағытанов Ислам өзі жазған өлеңін оқып, көпшіліктің ықыласына бөленді. Отырыс соңында барлығы 40-тан астам қатысушылар ұйымдастырушылар тарапынан сыйлықтарға ие болды. 17 қазан «Тәттілер күні» болып саналғандықтан, жиын Жастар саясаты орталығының төрағасы Кенжалиев Ержан мен мәдениет жөніндегі Комитет төрағасының орынбасары Сеитова Камиланың жүргізушілігімен әсем ән мен биге, керемет көңіл-күйге толы кофе-брейкпен жалғасын тапты.
-
Фотографии
-