Оңтүстік Қазақстан облыстық салалық кәсіподақ белсенділерімен кездесу
Бүгін Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының бас кеңсесінде салалық кәсіподақтың Оңтүстік Қазақстан облыстық ұйымның өкілдерімен кездесу болып өтті.
Оңтүстік Қазақстан облыстық ұйымының төрайымы Замира Маханова бастап келген делегация мүшелері салалық кәсіподақ төрайымы Майра Амантаеваға облыстық кәсіподақ қозғалысының бүгінгі жай-күйі, кәсіподақ қызметіндегі маңызды мәселелер жөнінде кеңінен баяндап берді. Сонымен қатар, салалық кәсіподақтың жуық арадағы жұмыс жоспары мен педагог қызметкерлердің әлауқатын жақсарту жолындағы әлеуметтік әріптестікті дамыту бағыты туралы да сөз болды.
-
Фотографии
-