«Әлеуметтік әріптестікті дамытудағы кәсіподақтардың ролі» тақырыбындағы халықаралық Конференция
2017 жылдың маусым айының 29-30 күндері Душанбе қаласында «Әлеуметтік әріптестікті дамытудағы кәсіподақтардың ролі» тақырыбындағы халықаралық Конференцияға Түрік мемлекеті білім саласы кәсіподақ комитеті төрағасының орынбасары Рамазан Сакирси, Ұлыбритания мемлекетінен Европа елдері білім саласы кәсіподағы ұйымының президенті Кристин Блоуэр, Белгияның Брюссель қаласынан Европа елдері білім саласы кәсіподағы ұйымының директоры Сюзан Флокен қатысты. Конференцияны Тәжікстан Республикасы тәуелсіз кәсіподақтар федерациясының төрағасы Кодири Косим жүргізді. Сонымен қатар конференцияға Тәжікістан Республикасы президентінің әлеуметтік салаға жауапты комекшісі Рахмонзада Абдуджаббор, Тәжікістан республикасы Білім және ғылым министрі Нуриддин Сайд, Тәжікістан Республикасының ғылым академиясының президенті Фарход Рахими, Тәжікістан Республикасы білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы комитетінің төрағасы Одиназода Ромозон т.б азаматтар қатысып халықаралық деңгейде білім саласы қызметкерлерінің құқығын қорғауда кәсіподақтардың бірлесіп атқарар жұмыстары туралы ұсыныстар айтты. Конференция барысында Европа елдеріндегі босқындар арасындағы білім саласы қызметкерлерінің және түрік мемлекетіндегі мемлекеттік төңкеріске ұмтылыс кезіндегі жұмыссыз қалған 10000 тарта мұғалімдердің жағдайы сөз болды. Конференцияға Қазақстан Республикасының атынан Оңтүстік Қазақстан облысы Білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы комитетінің қызметкерлері Сәдірмек Әлдібек Шынасылұлы және Мухтаров Дінмухамед Бауыржанұлы қатысып Қазақстандағы білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының жұмысы туралы мәлімдеме жасады.
-
Фотографии
-