Атырау облыстық ұйымындағы семинар жұмысы
Семинар жұмысына «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары Беженаров Виктор Федорович және қоғамдық бірлестіктің бас маманы, заңгер – Әлиев Батыр Әлиұлы, облыстық білім беру басқармасының және қалалық, аудандық білім беру бөлімдерінің басшылары (жұмыс берушілер), кәсіподақтың қала, аудандардағы филиалдар төрағалары және облыстық, қалалық, аудандық білім беру мекемелерінің басшылары мен бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағалары, бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері, барлығы 210 адам қатысты.
Семинар жұмысын «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Атырау облыстық ұйымы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Қайненов Қилымғали Қайненұлы ашып, жүргізіп отырды.Семинардың тақырыбына сәйкес «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасарыБеженаров Виктор Федорович баяндама жасап, қызметкерлердің еңбек саласындағы құқықтары, ұжымдық шарттар және олардың орындалуындағы жауапкершілік туралы әрбір заңның баптарына сүйене отырыпмағлұмат берді.
Өз сөзінде баяндамашы 2014 жылдың 27 маусымында Елбасының бастамасымен «Кәсіптік одақтар туралы» жаңа Заң өңделіп, қабылданғандығын атап өтті. Бұл заң жұмыс берушілер мен қызметкерлер арасында еңбек қатынастарын реттеуге үлкен мүмкіндіктер берді.Сонымен қатар кәсіподаққазіргі уақытта қабылданатын кейбір заңдар жобасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу үшін Парламент мәжілістеріне Білім және ғылым министрлігімен бірігіп, өздерінің ұсыныстарын беріп отырады. Қазіргі уақытта мұғалімдерді аттестаттау туралы ережелер қайта қаралып жатыр деп тоқталды.
Ұжымдық шарттардың жасақталуы, олардың маңыздылығын атап өтіп, заң талаптары сақталмаған жағдайда жұмыс беруші «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» заң талабына сәйкес жауапкершілікке тартылатындығы айтылды.Семинарға қатысушылар тарапынан баяндамашыға сұрақтар қойылды. Олар диплом бойынша мамандығы сәйкес келмейтін мұғалімдер, зейнеткерлік жасқа толған мұғалімдердің ары қарай жұмыстарын жалғастыру заңдылығы, кәсіподақ жарнасының еңбекақыдан ұсталу тәртібі туралы сұрақтарына тұжырымды жауаптар алды.
Семинар жұмысы өз мақсатына жетіп, мекеме басшылары мен кәсіподақ белсенділерінің құқықтық сауаттылығын толықтыратын маңызды шара болды.-
Фотографии
-