ОЧЕРЕДНАЯ ВСТРЕЧА В РАМКАХ СОЦИАЛЬНОГО ПАРТНЕРСТВА
Бүгін Астанада кәсіподақтар үйінде Салалық кәсіподақтың активі сонымен қатар ҚР Оқу-ағарту министрлігі өкілдері - Мектепке дейінгі және орта білім Комитетінің педагогикалық кадрлармен жұмыс басқармасының басшысы А.Дүйсембаева, Бюджеттік жоспарлау департаментінің Еңбекақы төлеу әдіснамасы басқармасының басшысы Г.Тоқпановамен кездесті.
Кездесу барысында педагогтарды аттестаттау, еңбекақы төлеу жүйесі, сондай-ақ білім беру басшыларын ротациялау институты мәселелері бойынша жүзеге асырылып жатқан жаңашылдықтардың қыр-сыры талқыланды.
Министрлік өкілдері оқу ордаларының басшылары мен педагогтарды жұмысқа қабылдау, мектеп директорларын ротациялау және педагогтарды аттестаттау ережесіндегі жаңа өзгерістер жайлы айтып берді.
Кәсіподақ көшбасшылары сала қызметкерлерінің түйінді мәселелері мен жаңа тәртіптерді жетілдіруге қатысты ұсыныс-пікір, сауалдарын жеткізіп, жауаптарын алды.
-
Фотографии
-