Поздравление Айгуль Мукашевой – председателя Казахстанского отраслевого профсоюза работников просвещения, науки и высшего образования с Днём знаний
ҚҰРМЕТТІ ҰСТАЗДАР,
АРДАҚТЫ ӘРІПТЕСТЕР,
ҚЫМБАТТЫ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫ мен АТА-АНАЛАР!
Баршаңызды 1 қыркүйек - Білім күнімен және жаңа оқу жылының басталуымен шын жүректен құттықтаймын!
Білім – ел дамуының алтын арқауы, жарқын болашақтың іргетасы. Мемлекет келешегін көркейтетін – білімді ұрпақ. Сондықтан, Білім күні жалпыхалықтық мереке!
Бүгінгі таңда білім саласына ұлт сапасын арттырудың маңызды шарты ретінде айрықша көңіл бөлініп, жүйеде жасалып жатқан жаңаша өзгерістер, саланы дамытуға арналған мемлекеттік бағдарламалар – әлемдік өркениеттің көш басына ұмтылудың бастау көзі болып отыр. Егемен еліміздің ертеңі үшін жасалып жатқан барша игі бастамалар жемісті болып, кемел келешегіміздің іргетасын қалауға қызмет еткей.
Бүгін күздің алғашқы күні білім әлеміне қадам басқан жас жеткіншектер үшін жауапты кезең басталды. Білім күнінен бастау алған жаңа оқу жылында Сіздердің баршаңызға сәттілік, жарқын жетістіктер тілеймін.
Оқу жылы әрқайсыларыңызға мол мүмкіндіктерге жол ашып, жағымды жаңалықтар мен толайым табыстарға толы болсын! МЕРЕКЕЛЕРІҢІЗБЕН!
Ізгі тілекпен,
Айгүл Мұқашева
Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлері салалық кәсіподағының төрағасы