Поздравление Председателя Отраслевого профсоюза Айгуль Мукашевой с Днем Республики
ҚАДІРЛІ ДОСТАР!
АРДАҚТЫ ӘРІПТЕСТЕР!
Баршаңызды егемен еліміздің ең маңызды мерекесі – Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев: «Республика күні - елдің мемлекет құру жолындағы тарихи қадамының символы болуы керек» - деп айтулы күннің тәуелсіздік тарихындағы тұғыры тереңдігін айшықтап берді.
Кемел келешегіміздің іргесін қалаушы әрбір азамат ұлық мерекенің ұлағатын санасына сіңіріп, мәртебесін асқақтата бергей!
Мерейлі мерекеде Сіздердің баршаңызға зор денсаулық, шаңырақтарыңызға шаттық, ырыс-ынтымақ, бақ-береке тілеймін!
Ел мүддесі жолындағы әрбіріңіздің еселі еңбектеріңіз табысты, жұмыстарыңыз жемісті, барлық бастамаларыңыз сәтті болсын!
Мерекелеріңізбен!
Ізгі тілекпен,
Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлері салалық кәсіподағының төрағасы
Айгүл Мұқашева