ЖАҢА КӘСІПОДАҚ ҰЙЫМЫ ҚҰРЫЛДЫ
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Шығыс Қазақстан облысының Күршім ауданы құрамынан бөліну арқылы Марқакөл ауданы қайта құрылды. Осыған орай Күршім аудандық кәсіподақ ұйымының құрамынан бөлу арқылы «Марқакөл ауданы білім беру қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы»жаңа филиалы құрылды.
Күршім ауылында өткен жиынға мектеп директорлары, бастауыш кәсіподақ төрағалары, кәсіподақ белсенділері қатысты. Шара барысында ШҚО жергілікті кәсіподақ төрағасы Н.Касенова қатысушыларды кәсіподақтың негізгі атқарып жатқан бағыттарымен таныстырып өтті: еңбек заңнамасының сақталуын бақылау, құқықтық қызмет, әлеуметтік әріптестік, сауықтыру, кәсіподақ белсенділерін оқыту, қайырымдылық көмек және т.б. Сөз кезегі Күршім ауданы білім беру ұйымының басшысы Б.Елеубаевқа беріліп кәсіподақпен әлеуметтік әріптестігіміз әрқашанда алға жүріп, еңбек қатынастырын реттеу бойынша үлкен көмек көрсететінің айтты.
Жиында жаңа кәсіподақ ұйымы құрылып, төраға және жұмыс органдары сайланды. Бірауыздан Марқакөл ауданы кәсіподақ ұйымының төрағасы болыпдене шыңықтыру пәнінің мұғалімі, көп жылғы кәсіподақ өтілі бар Көзжанов Қуаныш Қабдолданұлы сайланды.
Жаңа құрылған ұйымға кәсіподақ мүшелерінің құқықтары мен еңбек қауіпсіздігінің сақталуын, лайықты еңбекақы мен әлеуметтік кепілдіктер алуын қамтамасыз етудегі жұмыста сәттілік тілейміз.
Шара соңында әлеуметтік серіктестер және кәсіподақ жұмысына белсенді ат салысып жүрген қызметкерлер «Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің «Білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағына сіңірген еңбегі үшін» медалімен, Шығыс Қазақстан облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы Атқару комитетінің қаулысымен бекітілген «Еңбек адамы» төсбелгісімен және Құрмет грамоталарымен марапатталды.
Лайықты марапаттармен шын жүректен құттықтаймыз, зор денсаулық, амандық пен бақыт тілейміз! Сіздерге шын жүректен алғыс айтамыз!
-
Фотографии
-