Поздравление председателя Отраслевого профсоюза Айгуль Мукашевой с праздником Наурыз
ҚҰРМЕТТІ ДОСТАР!
Баршаңызды ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесімен құттықтаймын!
Тұрмыс-тіршілігі табиғат анамен тығыз байланысты халқымыз үшін ұлық мейрамның маңызы ерекше. Ұлтты ұйыстыратын ізгілік пен игіліктің бастауына айналған жарқын мереке жаңа заманға сәйкес қайта түлеп, жаһандану уақытында да құндылықтарымыз қастерленіп, салт-дәстүріміз дәріптелуде.
Жер ана түлеп, жаңару мен жасампаздықтың, ырыс-берекенің арқауы саналған әз-Наурыз елімізге құт боп кірсін!
Ұлыс оң, ақ мол болсын, әр шаңыраққа шаттық, баянды бақыт әкелсін!
Басты байлық - деніміз сау, айналамыз аман, табысымыз берекелі, жыл жемісті болғай!
Ел игілігі жолындағы еселі еңбектеріңіз еленіп, әр бастамаларыңыз сәттілікпен сабақтассын!
НАУРЫЗ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!
Ізгі тілекпен,
Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлері салалық кәсіподағының төрағасы Айгүл Мұқашева