КРУГЛЫЙ СТОЛ НА ТЕМУ «ГЕНДЕР В ОБРАЗОВАНИИ»
Бүгін Салалық кәсіподақтың Еңбекші әйелдер комиссиясының төрағасы И.Сақауова «AMANAT» партиясының Әйелдер қанатының шақыруымен «Білім берудегі гендер» атты дөңгелек үстелге қатысты.
Партия хатшысы Шолпан Таңатқызы Қаринованың төрағалығымен өткен жиында тақырып аясында баяндамалар жасалды.
Дөңгелек үстелге ҚР Парламентінің депутаттары мен «AMANAT» партиясының өкілдері, партияның Әйелдер қанатының мүшелері, шетелдік сарапшылар және ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау Комитетінің төрағасы Насымжан Оспанова, Мәдениет және ақпарат министрлігінің Жастар және отбасы істері комитеті төрағасының орынбасары Найля Мұхтарова, шетелдік сарапшылар Robert Sim (Ұлыбритания), Одилбек Каттаев (АҚШ) т. б. Астана қаласы әкімдігінің «№ 96 мектеп-гимназия» ШЖҚ КММ директоры С.Теменова мен «Парламентаризм институты» ШЖҚ РМК атқарушы директоры Жанар Тулиндинова қатысты.
Дөңгелек үстел қатысушылары өзара тәжірибелерімен алмасып, білім берудегі гендерлік теңдік, гендерлік тәсілдер бойынша ұсыныстарын ортаға салды.
-
Фотографии
-