Поздравление председателя Отраслевого профсоюза Айгуль Мукашевой с Днем единства народа Казахстана
ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕСТЕР!
ҚАДІРЛІ ДОСТАР!
Баршаңызды 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Егемен еліміздің баға жетпес байлығы мен ең басты құндылығы ұлт пен ұлыс өкілдерінің бірлігі мен ырысты ынтымағы. «Алтау ала болса, ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса, төбедегі келеді» деген аталы сөздің астарында үлкен мән-мағына бар.
Қалыптасқан қоғамдық келісім мен татулықтың темірқазғындай тұрақтылықты – бағалау баршамызға ортақ міндет. Тамыры терең, тарихы тағылымды көпұлтты мемлекетіміздің ырыс-ынтымағы артып, болашағымыз баянды болғай!
Достық пен татулық, ынтымақ пен бірлік мерекесінде Сіздерге зор денсаулық, шаңырақтарыңызға шаттық, еңбектеріңізге табыс тілеймін. Береке бірлігіміз жарасып, мереке мерекеге ұласқай!
Ел аман, жұрт тыныш, мерейлі мереке құтты болсын!
Ізгі тілекпен,
Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлері салалық кәсіподағының төрағасы
Айгүл Мұқашева