ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСТЫҚ ҰЙЫМЫНЫҢ VII ЕСЕП БЕРУ-САЙЛАУ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТТІ
«Шығыс Қазақстан облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіподақ ұйымы» қоғамдық бірлестігінің VII есеп беру-сайлау конференциясы өтті.
Конференцияға Қазақстандық оқу – ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлері салалық кәсіподағының төрағасы Мұқашева Айгүл Мақсатқызы, Батыс Қазақстан, Түркістан, Қарағанды, Жетісу облыстарының және Астана қаласының кәсіподақ ұйымдарының төрағалары, ШҚО облыстық кәсіподақтар орталығы, аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасының орынбасары Айжан Игасанова, «Өрлеу» Шығыс Қазақстан облысы бойынша Кәсіби даму институтының директоры Гаухар Жұманова, Күршім, Зайсан, Глубокое аудандарының білім бөлімдерінің басшылары, колледж директорлары, сала ардагерлері, сонымен қатар, аудандық, қалалық ұйымдарының және бастауыш кәсіподақ төрағалары мен кәсіподақ мүшелері қатысты.
Конференцияның күн тәртібінде маңызды мәселелер қаралды: жергілікті кәсіподақ ұйымының 2019-2024 жылдар аралығындағы есебін, тексеру комиссиясының атқарған жұмысын тындау, облыстық кәсіподақ ұйымының төрағасын, жұмыс органдарын сайлау, ШҚО жергілікті кәсіподақ ұйымының Жарғысына өзгертулер мен толықтырулар енгізу және салалық кәсіподақтың XV Cъезіне делегаттар сайлау.
Шараны Шығыс Қазақстан облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіподақ ұйымының төрағасы Қасенова Назгүл Базарбайқызы ашып, жұмысты бастамас бұрын кәсіподақ қозғалысының ардагері Жазира Ақатайқызы Ибраеваны бір минут үнсіздікпен еске алды.
Мұқашева Айгүл Мақсатқызы жергілікті кәсіподақ ұйымының және жалпы Салалық кәсіподақтың жұмысына тоқталып, ұйымның алдында қойылған міндеттерінің жоғары деңгейде орындалатынына сенімділік білдірді. Конференция делегаттары күн тәртібіндегі барлық сұрақтар мен жарыссөзге шығып сөйлеушілердің ұсыныс-пікірлерін бірлесе талқылап, облыстық кәсіподақ ұйымының есепті мерзімінде атқарған жұмысына «қанағаттанарлық» деген баға берді. Сөз сөйлегендер: Шығыс Қазақстан облысы бойынша «Өрлеу БАҰО» Кәсіби даму институтының директоры - Жұманова Гаухар; «Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжі» КМҚК оқытушысы, бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы – Дәуітова Жанна; ШҚО білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «Сағдат Нұрмағамбетов атындағы орта мектебі» КММ директоры - Веричева Елена; Глубокое аудандық білім қызметкерлері кәсіподағы ұйымының төрағасы - Мусина Айгүл.
Конференция нәтижесінде делегаттардың бірауыздан ашық дауыс беруімен Шығыс Қазақстан облысы білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ ұйымының төрағасы болып Қасенова Назгүл Базарбайқызы қайта сайланып, Салалық кәсіподақтың кезекті Съездіне делегаттар айқындалды.
Конференция барысында әлеуметтік әріптестер, кәсіподақ белсенділері Құрмет грамоталарымен, төсбелгілермен марапатталды.
Конференция барлық жарғылық нормалар мен талаптарды сақтай отырып өткізілді және келесі міндет кәсіподақ бірлігін сақтау, кәсіподақ қозғалысын нығайту, қоғамдағы кәсіподақтың рөлі мен беделін арттыру болып белгіленді.
-
Фотографии
-