Поздравление председателя Отраслевого профсоюза Айгуль Мукашевой с Днем Конституции
ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕСТЕР!
ҚАДІРЛІ ДОСТАР!
Сіздерді маңызды мерекелердің бірі - Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Конституция - Егемен еліміздегі ең басты құқықтық құжат, бүгініміздің бейнесі, болашағымыздың бағдары. Тәуелсіздігіміз бен тұтастығымыздың, береке – бірлігіміздің бойтұмарына айналған Ата заңымыздың абыройы асқақтап, мәртебесі биіктей берсін.
Жарқын мерекеде баршаңызға зор денсаулық, шаңырақтарыңызға шаттық, халық игілігі жолындағы ілкімді істеріңізге сәттілік, табыс тілеймін.
Ізгі тілекпен,
Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлері салалық кәсіподағының төрағасы
Айгүл Мұқашева