КАЗАХСКОМУ НАЦИОНАЛЬНОМУ ЖЕНСКОМУ ПЕДАГОГИЧЕСКОМУ УНИВЕРСИТЕТУ ИСПОЛНИЛОСЬ 80 ЛЕТ
16 қараша күні Алматы қаласында университет мерейтойы аясында "Білімді қыздар - білімді ұлт” тақырыбында халықаралық форум өтті.
Форум жұмысына ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, ҚР Парламент депутаттары, ЖОО ректорлары, шетелдік жетекші университеттердің басшылары, ұстаздар мен ғалымдар, университет түлектері қатысты.
Салтанатты шараға Салалық кәсіподақ атынан бөлім басшысы Ернар Иманбаев қатысып, Кәсіподақ төрайымы Айгүл Мұқашеваның құттықтау лебізін және университет кәсіподағына арнайы сыйлығын табыстады.
Мерейтойға арналған шараның ресми бөлімі аяқталған соң қонақтарға университеттің заманауи жабдықталған кітапханасы таныстырылды және университетке тарту етілген жаңа 9 қабатты оқу ғимараты салтанатты түрде ашылды.
Оқу ғимаратын ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек пен университет түлегі, Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы Орынша Қарабалина ашты.
Атап өту керек, ҚазҰҚПУ кәсіподақ комитеті Салалық кәсіподақтың филиалы болып табылады. Үлттық университеттің бастауыш кәсіподақ комитетінің төрайымы Ляззат Әділбековаға сала қызметкерлерінің құқығы мен мүддесін қорғау ісінде табыс тілейміз!
-
Фотографии
-