ТҮРКІСТАНДА КӘСІПОДАҚ МҮШЕЛЕРІМЕН КЕЗДЕСУЛЕР ЖАЛҒАСУДА
Салалық кәсіподақтың Түркістан облыстық ұйымының төрағасы Жандос Шайдулла мен бас маман Бахтияр Абдураимов Түркістан қаласындағы Ақжайық музыкалық мектебінің бастауыш кәсіподақ ұйымының ұжымымен кездесті.
Шара кәсіподақ мүшелігіне жаңадан өткен ұжыммен танысып, кәсіподақтың маңыздылығы мен артықшылықтарын талқылауға арналған маңызды қадам болды.
Жандос Шайдулла кәсіподақтың негізгі міндеті – білім және ғылым саласының қызметкерлерінің құқықтары мен мүдделерін қорғау екенін атап өтіп, ұжымның ұйымдық және шығармашылық дамуына барынша қолдау көрсетілетінін жеткізді.
Кездесу барысында кәсіподақ ұсынатын әлеуметтік-экономикалық кепілдіктер мен мүмкіндіктер туралы толық ақпарат берілді.
Өз кезегінде Ақжайық музыкалық мектебінің ұжымы кәсіподақ қатарына қосылғандарына қуанышты екендерін білдіріп, бірлесе атқаратын істерге үлкен сенім артты.
Осындай жемісті кездесулер алдағы уақытта да жалғасын табатынына сенім мол. Ұжымдарға қолдау көрсету және олардың кәсіби тұрғыда дамуына жағдай жасау – біздің басты міндетіміз!
Түркістан облыстық ұйымы
-
Фотографии
-