СЕМИНАР ДЛЯ ПРЕДСЕДАТЕЛЕЙ ПЕРВИЧЕК
16-шы қаңтар күні Маңғыстау облыстық ұйымы Мұнайлы аудандық филиалының бастауыш кәсіподақ төрағаларына семинар өткізді.
Семинар барысында Маңғыстау облыстық ұйымының төрағасы Т.Байымбетова мен облыстық аппараттың құқықтық мәселелер жөніндегі маманы Р.Сүлейменов бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағаларына құқықтық құжаттардың рәсімделу тәртібін түсіндіріп, ұжымдық шарттардағы өзгерістер мен толықтырулар туралы толық ақпараттар берді.
Семинардың екінші бөлімінде Маңғыстау облыстық кәсіподақ ұйымының Мұнайлы аудандық филиалының төрағасы Р.Текеева 2024 жылы атқарылған жұмыстардың есебін берді.
Маңғыстау облысы, Мұнайлы аудандық филиалы.
-
Фотографии
-