КӘСІПОДАҚ - ҚОЛДАУШЫ ҰЙЫМ
«Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлері салалық кәсіптік одағының Маңғыстау облыстық ұйымы» ҚБ Ақтау қаласындағы жаңадан ашылған №33 жалпы білім беру мектебінің қызметкерлерімен кездесу ұйымдастырып, нәтижесінде ұжым толықтай бастауыш ұйым мүшелігіне қосылды.
Кездесудің мақсаты: еңбек қызметкерлерінің еңбек құқықтары мен әлеуметтік жағдайларын жақсарту мақсатында бекітілетін басты құжат -Ұжымдық шартқа енгізілген өзгерістер мен толықтырулар бойынша және кәсіподақ қызметі туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізу.
Кездесу барысында облыстық кәсіподақ ұйымының төрағасы Т.Баймбетова: «Кәсіподақ қызметінің негізі - бірлік пен ынтымақтастық», деп атап өтіп, еңбек даулары, аттестация, еңбек қатынасы т.б. бойынша атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде ақпарат берді.
Қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға толықтай жауап беріліп, мектеп директоры Б.Майрамов кәсіподақ қызметіне жоғары баға берді.
Жиын соңында Ақтау қалалық кәсіподақ ұйымының төрағасы К.Еңсегенова ұжымға шығармашылық табыс тілей келе, кәсіподақ әрдайым қолдауға дайын екендігін жеткізді.
К.Еңсегенова,
Маңғыстау облысы, Ақтау қалалық филиалының төрағасы.
-
Фотографии
-