
КӘСІПОДАҚ ПОШТАСЫ
Менің интернат меңгерушісі қызметіне тағайындалғанға дейінгі мұғалімдік лауазымымдағы «Педагог-сарапшы» біліктілік санатым Педагогтарды аттестаттау Қағидаларының 36-тармағы бойынша жаңа қызметімде сақталады ма?
Сіздің сұрағыңызға қатысты келесі жауап жолданады.
Педагогтарды аттестаттау тәртібі «Педагогтарды аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы» ҚР Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 83 бұйрығымен (бұдан әрі – Қағидалар) реттеледі.
Қағидалардың 36-тармағына сәйкес басшының орынбасары лауазымына немесе керісінше тағайындалған педагогтерге (біліктілікке қойылатын талаптарға сәйкес) біліктілік санаты теңестіріледі және біліктілік санатының қолданылу мерзімі екі жылдан аспайтын мерзімге сақталатыны белгіленген.
Жоғарыда көрсетілген норма басшы орынбасары немесе педагог лауазымдарына тағайындалған кезде қолданылады, ал Сіздің жағдайда, атқаратын қызметіңіз басшы орынбасары лауазымына жатпайтындықтан қолданылмайды.