
ПОЧТА ПРОФСОЮЗА
Мен ауылдық жерде балабақшада тәрбиеші болып жұмыс істеймін. Білімім жоғары, педагогикалық еңбек өтілім - 22 жыл, біліктілік санатым - «педагог-модератор». Тәрбиешінің апталық оқу жүктемесі 24 немесе 27 сағат болған жағдайда айлықақысы қалай есептеледі?
Сіздің сұрағыңызға қатысты келесі жауап жолданады.
Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы №1193 Қаулысымен (бұдан әрі-Қаулы) бекітілген.
Осы Қаулының 3-тармағы 2)-тармақшасына сәйкес ұйымдар қызметкерлерінің лауазымдық айлықақысы (ЛА) атқаратын лауазымдарының функционалдық блоктарға жатқызылуына және мамандығы бойынша жұмыс өтіліне, біліктілік санатына қарай ЛА есептеу үшін бекітілген тиісті коэффициенттерді базалық лауазымдық айлықақыға БЛА (17 697 тг.) мөлшеріне көбейту жолымен есептеледі.
Осы Қаулының 3-тармағы 2)-тармақшасына енгізілген өзгерістерге сәйкес, мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарының мектепке дейінгі тәрбие және оқыту педагогтарының ЛА (тарифтік мөлшерлемелері) ЛА-ның белгіленген мөлшеріне 2023 жылғы 1 қыркүйектен бастап 1,3 мөлшерінде түзету коэффициентін қолдана отырып айқындалады.
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының тәрбиеші лауазымының штаттық бірлігі «Мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгі штаттарын бекіту туралы» Оқу-ағарту министрінің м.а. 2023 жылғы 21 шiлдедегi № 224 бұйрығы бойвнша белгіленеді.
«Білім және ғылым саласындағы азаматтық қызметшілер лауазымдарының тізілімін бекіту туралы» Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 123 бұйрығына сәйкес біліктілігі жоғары деңгейлі «педагог-модератор» санаты бар «тәрбиеші» лауазымы В3-3 буынына жатады.
Тәрибешілердің апталық оқу жүктемесіне (24 немесе 27 сағат) қатысты айлықақыны есептеу үлгілері төмендегі суреттерде көрсетілген
-
Фотографии
-