
III РЕСПУБЛИКАНСКАЯ СПАРТАКИАДА СРЕДИ ПЕДАГОГОВ ТЕХНИЧЕСКОГО И ПРОФЕССИОНАЛЬНОГО ОБРАЗОВАНИЯ
Алматы қаласында Техникалық және кәсіптік білім беру педагогтары мен қызметкерлері арасында республикалық спартакиаданың жалауы желбіреді.
Байрақты бәсеке ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы мен Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлері салалық кәсіподағының бірлесіп ұйымдастыруымен осымен үшінші рет дәстүрлі түрде өткізілуде.
Спорттық шараның мақсаты – техникалық және кәсіптік білім беру педагогтары мен қызметкерлері арасында салауатты өмір салтын насихаттау, ұжымдық рухты нығайту және педагогтардың дене шынықтыру мәдениетін қалыптастыруға бағытталған.
Биылғы спартакиада елімізде жарияланған «Жұмысшы мамандықтары жылы» аясында өткізіліп,оған республиканың барлық аймағынан колледж педагогтары мен қызметкерлері, жалпы саны 800-ге жуық адам қатысуда.
Шараның салтанатты ашылу рәсімінде ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Техникалық және кәсіптік білім беру департаментінің өкілі Д. Арынов, Салалық кәсіподақтың ұйымдастыру жұмыстары бөлімінің басшысы Е.Иманбаев, Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының өкілі М. Мұхамадиева және Алматы қаласы Білім басқармасының қалалық дене шынықтыру және спорт оқу-тәжірибелік орталығының директоры Б.Елемесов қатысушыларға сәттілік тілеп, жарыстың маңыздылығын атап өтті.
Кеше Алматы энергетика және электронды технологиялар колледжінің базасында мандаттық комиссия жұмысын аяқтады.
Бүгін, 3 маусымда, сайысқа қатысушылар спортың 6 түрі бойынша (шағын футбол, волейбол, баскетбол, үстел теннисі, тоғызқұмалақ, асық ату, бес асық) жарыс жолына шықты.
Спартакиаданың жеңімпаздарын марапаттау, жарыстың салтанатты жабылу рәсімі 7 маусымға жоспарланған. Барлық қатысушыларға дүбірлі додада сәттілік, жеңіс тілейміз.
-
Фотографии
-