
ЛАГЕРЬ ЖҰМЫСЫ ЖАЛҒАСУДА
9 шілдеде жас ұстаздардың республикалық жазғы лагерінде мазмұнды әрі пайдалы шаралар өтті. Қатысушылар түрлі бағыттағы дәрістерге қатысып, тәжірибе алмасып, жаңа білім мен құнды ақпараттарға қанықты.
📌 Таңғы жаттығу мен таңғы астан кейін қатысушылар Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Заманауи зерттеулер институтының директоры, филология ғылымдарының кандидаты, саясаттану докторы, профессор М.Сыдықназаровтың «Қазақстанның үзіліссіз мемлекеттілігі тарих толқынында. XVI-
XIX ғасырлардағы еуропалық және америкалық карталардағы Қазақ Мемлекеті» тақырыбындағы дәрісін тыңдады.
🔷Түстен кейін үш топқа бөлініп, келесі дәрістер өтті: Р.М. Қыдырбаева – «Өз құқығыңды біл»; Ж.А. Түсіпбеков – «Жаһандану жағдайында ұлттық құндылықтарды сақтаудың негізгі тетіктері: деструктивті діни ағымдардың ықпалы»; А.Д. Бекебаева – «Білім беру саласындағы нейрожелілер: құралдар, мүмкіндіктер және пайдалану этикасы».
✅Сонымен қатар, Павлодарлық жас мамандар кешкі бөлікте қатысушылар арасында таныстыру өткізіп, би байқауын ұйымдастырды.
Лагерь қатысушылары бүгінгі күннен шабыт алып, білім мен тәжірибе қоржынын толықтырды.
-
Фотографии
-