
ЖАС МАМАНДАРҒА АРНАЛҒАН ТАНЫМДЫҚ ДӘРІСТЕР МЕН ТӘЖІРИБЕ АЛМАСУ АЛАҢЫ
Бүгін лагерь аясында М.Сыдықназаров, Ж.Түсіпбеков, А.Бекебаева жас мамандарға маңызды тақырыптарды қамтыған танымдық дәрістер оқыды.
Сонымен қатар, өңірлік тәжірибе алмасу мақсатында Атырау, Батыс Қазақстан, Қызылорда облыстарының жас мамандары арнайы дайындап келген ақпаратпен, тәжірибемен бөлісіп, лагерь жұмысы интеллектуалды ойынмен жалғасты.
Атырау облысынан келген А.Жұмабаев – «Сарайшықтағы соңғы жылдардағы зерттеулер нәтижелері» туралы баяндады.
Қызылордалық А.Сараман – «Пәнді оқытудағы тиімді цифрлық технологиялар» тақырыбында тәжірибесімен бөлісті.
Кешкі астан кейін Батыс Қазақстан облысы жастарының ұйымдастыруымен қатысушылар арасында “Қазақша.QUIZ” интеллектуалдық ойыны өткізіліп, білім мен тапқырлық сынға түсті.
-
Фотографии
-