
КӘСІПОДАҚ ПОШТАСЫ
Ағымдағы жылдың мамыр айында уақытша жұмыста болмаған бастауыш сынып мұғалімін алмастыру мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасарына жүктелді. Бүгінде уақытша жұмыста болмаған мұғалімнің еңбек шарты тараптардың еркінен тыс мән-жайлар бойынша тоқтатылды. Осы бос орынға конкурссыз, уақытша алмастыру жағдайындағы педагогты ауыстыруға бола ма?
ҚР Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы №57 және Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы №96 бірлескен бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларының» (Қағидалар) 97-тармағы негізінде үлгілік біліктілік сипаттамаларындағы біліктілік талаптарына сәйкес болған жағдайда, Еңбек кодексінің 38-бабы бойынша жұмыс берушінің тиісті актісін шығару жолымен педагогты (бірінші басшының орныбасарын қоспағанда) бір білім беру ұйымының ішінде бір лауазымнан екінші лауазымға ішкі ауыстыруға жол беріледі.
Сіздің жағдайда жоғарыда көрсетілген Қағидалардағы нормаларға сәйкес конкурссыз, жұмыс берушінің тиісті бұйрығымен ауыстыруға болады.