
КӘСІПОДАҚ ПОШТАСЫ
Мен бастауыш сынып мұғалімімін. Апталық оқу жүктеме 15 сағат көлемінде белгіленді. Айлықақы нормативтік оқу жүктемесімен есептеледі ме әлде тарифтен өтетін 15 сағатпен ба?
ҚР Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 11 мамырдағы № 191 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік ұйымдар педагогтарының жалақысын есептеу қағидаларының 17-тармағы 1)-тармақшасына сәйкес педагог-мамандарға көркем еңбек, музыка және дене шынықтыру сабақтарын беру үшін жағдай жасалған жалпы білім беретін мектептерде бастауыш сынып мұғалімдерінің оқу жүктемесі қосымша педагогикалық жұмыс сағаттарымен нормативтік оқу жүктемесінің көлеміне жеткізілсе, айлықақы толық мөлшерде есептеледі.
Қосымша педагогикалық жұмысқа денсаулық жағдайы бойынша мектепке барудан босатылған оқушылармен үйде сабақ өткізу, уақытша болмаған педагогтарды ауыстыру, ұзартылған күн тобындағы тәрбие жұмысы, оқу-тәрбие жұмысын жүргізу жатады.