
ПОЧТА ПРОФСОЮЗА
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша дипломым бар. Біліктілік санатым – орыс сыныптарында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен «педагог-сарапшы». Қазақ сыныптарында қазақ тілі мен әдебиетінен берілген қосымша оқу жүктемесіне біліктілік санатым сақтала ма?
ҚР Білім және ғылым министрінің №83 бұйрығымен бекітілген Педагогтарды аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарының N27 тармағына сәйкес бір білім беру ұйымынан басқа білім беру ұйымына немесе әдістемелік сүйемелдеуді жүзеге асыратын ұйымға ауысқан кезде немесе педагогикалық қызметті қоса атқару немесе қосымша атқару шарттарында жүзеге асырған кезде немесе педагогтың қызмет бейініне сәйкес білім беру ұйымында педагогты (оның ішінде әдіскерді) басқа лауазымға тағайындаған кезде қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін қолданыстағы біліктілік санаты сақталады.
Көрсетілген норма негізінде Сіздің біліктілік санатыңыз мерзімі аяқталғанша қазақ сыныптарына қазақ тілі мен әдебиеті пәніне де сақталады.